---
title: "Құпия айтайық..."
description: "Достар! Біз конкурс ұйымдастырғалы біраз уақыт болды. Әзірге біздің порталға жүктелген видеолар саны..."
author: "kaztube1"
published: "2013-08-14T22:04:04+00:00"
modified: "2013-08-14T22:04:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/piya-aytayy-366282"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/piya-aytayy-366282/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Құпия айтайық...

> Достар! Біз конкурс ұйымдастырғалы біраз уақыт болды. Әзірге біздің порталға жүктелген видеолар саны...

Достар! Біз [конкурс](http://kaztube.kz/kz/news/99) ұйымдастырғалы біраз уақыт болды. Әзірге біздің порталға жүктелген видеолар саны бесеу. Оны [мына](http://kaztube.kz/kz/video/event/9) жерден көре аласыздар.

Енді біз сіздерге бір қулық айтпақпыз :)

Конкурсымыз әлі жалғасын тауып жатыр, қыркүйекке дейін жалғасатын.

Конкурсымыз 3 тақырыптан тұратын: "Қазақстанның белгілі тұлғалары", "Қазақстанның аймақтары", "Қазақстан тарихы". Ұсынылған бес видеоның бәрі де тек "Қазақстан тарихы" тақырыбында екен. ***Бұл жерде сіздерге керемет мүмкіндік туып тұр.*** "Қазақстанның белгілі тұлғалары" және "Қазақстан аймақтары" тақырыбында тез арада видео түсіріп, біздің конкурсқа ұсына қойсаңыз, жеңісті болып кетуіңіз ықтимал. Өйткені, сізде бәсекелес адам аз болады.

Естеріңізге сала кетсек, "Астана - арманымның қаласы" атты шілде айында өткен конкурсымызда жеңімпаздар [бағалы сыйлықтарға](http://www.bnews.kz/kk/photonews/post/149888/) ие болған.

***Біз сіздерді күтеміз!***

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/piya-aytayy-366282](https://yvision.kz/kk/post/piya-aytayy-366282)