---
title: "Пікірсайыс жайлы ой #1"
description: "Бүгінде Орта Азя аумағындағы ең көлемді әрі шынайы ниетпен еңбек етіп келе жатқан қозғалыстардың бір..."
author: "ernarito"
published: "2015-01-27T03:09:53+00:00"
modified: "2015-01-27T03:09:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/pikirsayys-zhayly-oy-1-464348"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/pikirsayys-zhayly-oy-1-464348/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Пікірсайыс жайлы ой #1

> Бүгінде Орта Азя аумағындағы ең көлемді әрі шынайы ниетпен еңбек етіп келе жатқан қозғалыстардың бір...

Бүгінде Орта Азя аумағындағы ең көлемді әрі шынайы ниетпен еңбек етіп келе жатқан қозғалыстардың бірі – қазақ пікірсайысы. Шешендік өнерді сүйген қыз-жігіттердің саны бүгінде үш мыңның маңйына жетті, қазақ тілді пікірсайысшылардың саны. Қыркүйек пен мамыр аралығында елуге тарта түрнир өтеді. Бұл, қалалық турнирлерді санамағанда. Әсіресе, Астана, Алматы, Қызылорда мен Семей қалалары қазақ пікірсайысының орталықтары саналады. Солтүстік пен Батыс аймақта енді-енді дамып келе жатыр. Пікірсайыстың қазақ лигасы орыс және ағылшын лигаларынан қарағанда елімізде саны жағынан әлдеқайда алда. Ал сапасы жағынан ше?!

Негізінен, пікірсайыста футбол немесе волейболда секілді жалпы ережелер қай лигада болмасын жоқ деп айтқанымыз жөн. Әлем чемпионатына қатысқан «ойшылдардың» айтқанына сүйеніп осылай айтамын, әрине. Өкінішке орай, әлем не европа чемпионаттарына қатысқан тәжірібием жоқ менің, алайда қатысқан адамдармен тілдесе отырып, бірнеше жайттарға назар аударуды жөн санадым. Бұл жазба ереже немесе талап ретінде емес, пікірсайыстағы бапкерлерге арналған ұсыным (өз басым осы сөзді ұнатпаймын, «рекомендация» дегенім ғой) ретінде қарастыруларыңызды өтінемін.

Барша пікірсайыстың ең үлкен қателігі – пікірсайысты түсіну. Не үшін ойнаймыз? Пікірсайыстың басты құндылығы қандай, Сіз үшін? Осы сұрақтың жауабын өздеріңіз бере жатарсыз, жауабыңызды саралауға ұмытпаңыз.

Ойын барысында, әрбір ойын барысында қандай ұстанымдарды алға тартқан жөн деген үлкен сұрақ тұр. Өкінішке орай, бүгінде пікірсайысшының басты құндылығы – жеңіске жету. Мақсат жеңу болса, жету жолы сәл қате болатынын түсінуіміз керек. Меніңше, пікірсайыстағы басты ұстаным – ойынды әдемі әрі әділетті қылу. Өзіңіздің және өзгенін ойнауына жол беру һәм әдемі әрі түсінікті болуына барынша ықпал ету. Өкінішке орай, ойын алаңы дұрыс құрылмағандықтан (я әділетсіз құрылғандықтан) пікірсайыс элементі өзге жаққа ауысып кетеді, ең өкініштісі – дефинициялық тартыстың тууынан аргументтердің екінші бетке кетіп қалуы. Дефиниция, яки ойын алаңа әділетті құрылған жағдайда ойын шынымен де жақсы тартысқа ұласады. Сіздің де, қарсыластарыңыздың да дәлелдерге көбірек назар аударуына мүмкіндік туады. Мені бірнеше рет қызықтырған жағдай: үкімет ойын алаңын ұсынып, дефиницияларын әділетті береді де, кейін анализде «олар біз ұсынған дефинициялармен ойнады, олар дефиницияға қарсылық келтірген жоқ, демек дефиниция біздің жаққа ойнайды» деп тоқтауы. Біріншіден, дұрыс дефиниция келтіру Сіздердің міндеттеріңіз, екіншіден, егер олар қарсылық келтіре алар болса, онда Сіздің еңгізген дефиницияларыңыз дұрыс болмағаны ма?! Жоқ, әлбетте олай емес, егер дефинициялар және үкімет құрған ойын алаңы дұрыс болса, онда оларға қарсылық келтіріп те қажет емес.

Жоғарыда жазылған ой – менің өмірлік тәжірібиемнен алынған және ешбір жағдайда ереже һәм заң деп қабылдамауыңыз керек. Қолдануыңыз, келусуіңіз және келіспеуіңіз өз еркіңізде.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/pikirsayys-zhayly-oy-1-464348](https://yvision.kz/kk/post/pikirsayys-zhayly-oy-1-464348)