---
title: "Пиардағы ақпараттық технологиялар"
description: "PR- дың негізгі мақсаты – ұйым мен жұртшылық арасында екі жақты байланыс орната отырып, өзара түсін..."
author: "anel_muhametkarim"
published: "2016-12-01T03:57:15+00:00"
modified: "2016-12-01T04:02:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/piarda-y-a-paratty-tehnologiyalar-732378"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/piarda-y-a-paratty-tehnologiyalar-732378/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Пиардағы ақпараттық технологиялар

> PR- дың негізгі мақсаты – ұйым мен жұртшылық арасында екі жақты байланыс орната отырып, өзара түсін...

** **

PR- дың негізгі мақсаты – ұйым мен жұртшылық арасында екі жақты байланыс орната отырып, өзара түсіністікке жету, сөйтіп нәтижелі қатынас орнату. Бұл үшін мемлекеттегі саясаттағы ұтымды мәселелерді алға қою, кезек күттірмейтін жағдайларды шешу, бұқараның ең өзекті деген мәселелерін тек сайлау кезінде ғана емес, күнделікті өмірде саяси жарнама арқылы, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар, партиялар арқылы басты орынға қою арқылы жүзеге асырылады. Ақпараттық технология – обьектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс, ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы. Ақпараттық техналогиялардың PR – ғы маңызын түсіну күрделі емес. Оған қатысын осыла көрсетуге болады:
- Ақпараттық жұмыс істеу

- Кәсіби зерттеу үшін телекоммуникациялық технологиялар қажет.

Ақпараттық технологияға келгенде көбінесе компьютерлік технологиялар ойға түседі. Қазірге кезде келген кәсіпте компьютерлік бағдарламамен жұмыс істеу маңызды да міндетті болып келетін заман. Жәй мәтінді алсақ та компьютерлік технология арқылы оны теріп қоймай, сонымен қатар өңдей, іздей аламыз. Алыс жерлерге интернет арқылы жібереміз. Бұл жұмыс тиімділігін жоғарылатады. Уақытты шығынды үнемдейді.

Компьютерлік және ақпараттық технологиялардың PR -да қолданылуы:
- Бағдарламалық қамтамасыз ету

- Желі техналогиясы

- Мәлімет базасы

- Персонал

- Ақпарат сақтау қауіпсіздігі

- Сегментация

- Позициялау жұмыстарын жасау

- Маркетингті зерттеу т.б

Ал PR қызметін көптеген конференциялар, брифингтер, акцияларсыз елестету қиын. Оларды өткізу маңызды PR шаралар болып табылады.

Жаңа ғасыр PR мамандарына көптеген мүмкіншіліктер береді. Әркім өз жұмысын тиімді орындай алады. Ақпараттық техналогиялардың дамуы елдің дамуын көрсететін болар. Ал аудиторяға әсер ету үшін PR маманы осы технологиялырдың барлығынан хабардар болуы тиіс.

Автор: Анель Мұхаметкәрім

Ғылыми жетекшісі: Назым Жұртбай

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/piarda-y-a-paratty-tehnologiyalar-732378](https://yvision.kz/kk/post/piarda-y-a-paratty-tehnologiyalar-732378)