---
title: "Петропавлдықтар полицияға жыл басынан бері 300 бірлік жарақат салатын және газды-травматикалық қару тапсырды"
description: "Петропавл қаласының тұрғындары акция аясында тапсырған қарулары үшін 15 миллион теңге алады. Естері..."
author: "dvd_sko"
published: "2015-08-21T02:58:11+00:00"
modified: "2015-08-21T02:58:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/petropavldy-tar-policiya-a-zhyl-basynan-beri-300-birlik-zhara-at-salatyn-zh-ne-gazdy-travmatikaly-ar-531848"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/petropavldy-tar-policiya-a-zhyl-basynan-beri-300-birlik-zhara-at-salatyn-zh-ne-gazdy-travmatikaly-ar-531848/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Петропавлдықтар полицияға жыл басынан бері 300 бірлік жарақат салатын және газды-травматикалық қару тапсырды

> Петропавл қаласының тұрғындары акция аясында тапсырған қарулары үшін 15 миллион теңге алады. Естері...

![Петропавлдықтар полицияға жыл басынан бері 300 бірлік жарақат салатын және газды-травматикалық қару тапсырды](https://storage.yvision.kz/images/user/dvd_sko/5yCPRBR7uE1o26hIpD01rA8bqL3RvI.jpg)

Петропавл қаласының тұрғындары акция аясында тапсырған қарулары үшін 15 миллион теңге алады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 1 қаңтардан бастап жыл соңына дейін жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар тіркелген травматикалық және газды қаруды ақылы сатып алу бойынша акция өтуде. Жыл басынан бері Петропавл қаласының ІІБ-на қару тапсыру жайлы 364 өтініш келіп түскен.

Облыс орталығының 27-жастағы тұрғыны 2013 жылы газды-травматикалық қару сатып алған. Бұл қаруын ерікті түрде тапсырғаны үшін ол 40 мың теңге алды. «Қуанышыма орай, екі жыл бойы мен бұл қаруды пайдаланған жоқпын. Акцияның болып жатқаны жайлы естіген соң, қаруымды тапсыруға келдім. Үйде қарудың болмағаны өзім үшін жақсы ғой, себебі, оқыс оқиғалардың көбі осы қарудың кесірінен болып жатады», - деп қала тұрғыны өз ойымен бөлісті.

Петропавл полицейлері сонымен бірге, тіркелмеген қаруын өз еріктерімен келіп тапсырған азаматтардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салады. Бұдан бөлек, олар осы қаруларын тиісті тексерістерден соң тіркеуден өткізе алады. Үстіміздегі жылы осындай мүмкіндікті 56-жастағы қала тұрғыны пайдаланды. «Қаламыздың тұрғыны келіп ИЖ-56-3 «Белка» маркалы қаруын өз еркімен келіп тапсырып, қажетті құжаттар тізімін жинады. Енді ол өтінішін жазып, осы қаруды өз атына аудармақ», - дейді Петропавл қ. ІІБ ӘПБ бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Құрман Мусин.

Қалалық ІІБ-да жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар тіркелген жарақат салатын және газды қаруды ақылы сатып алу бойынша акция 2015 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады деп нақтылайды.

**Динара Сағындықова, СҚО ІІД баспасөз қызметі**

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/petropavldy-tar-policiya-a-zhyl-basynan-beri-300-birlik-zhara-at-salatyn-zh-ne-gazdy-travmatikaly-ar-531848](https://yvision.kz/kk/post/petropavldy-tar-policiya-a-zhyl-basynan-beri-300-birlik-zhara-at-salatyn-zh-ne-gazdy-travmatikaly-ar-531848)