---
title: "Петропавлда әуежайды жаңғырту жұмыстары басталды"
description: "Петропавлда әуежайды жаңғырту жұмыстары басталды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы ИДМ Азаматты..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2015-09-03T01:05:00+00:00"
modified: "2015-10-01T01:05:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/petropavlda-uezhaydy-zha-yrtu-zh-mystary-bastaldy-526550"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/petropavlda-uezhaydy-zha-yrtu-zh-mystary-bastaldy-526550/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Петропавлда әуежайды жаңғырту жұмыстары басталды

> Петропавлда әуежайды жаңғырту жұмыстары басталды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы ИДМ Азаматты...

Петропавлда әуежайды жаңғырту жұмыстары басталды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы ИДМ Азаматтық авиация комитеті.

2015 жылдың 28 шілдесінде «Петропавл қаласының ОВИ-1 жарықсигналды қондырғысы мен ұшып-қону жолағының құрылысын жөндеу» жобасын жүзеге асыру басталды.

«Петропавл қаласының бас мердігері өткізілген байқау бойынша ОВИ-1 АҚ компаниясы атанды. Оған жобаның жобалық-сметалық жұмыстары берілді», - делінген хабарламада.

Жоба ұшу-қону жолағының 10 см-лік қалыңдығы,300 м кеңейту, созылауы 18 м кеңеюі және перронның жөнделуі қарастырылған. Жаңғырту жұмыстарынан кейін А-320-200, А-310-300, Боинг-767-200/300, Боинг-757-200/300 әуе кемелері қона алады.

1978 жылы жұмысын бастаған Қызылжар әуевокзалы күні бүгінге дейін жөндеу көрмеген. Кеңес Одағы кезінде ол күніне сексенге жуық рейске қызмет көрсетіпті. Бүгінде оның ұшып-қону жолағы әбден тозып, кәсіпорын тек санаулы ұшақтарды ғана қабылдап жүр. Жоспарға сәйкес, әуе кемелерінің негізгі жолы 300 метрге ұзартылып, 2 мың 800 метрге дейін жетуі тиіс, ал жалпақтығы қосымша 20 метрге кеңейтіледі. Ал, бұл өз кезегінде ұшақтардың кез-келген түрін қабылдауға мүмкіндік бермек. Бұдан бөлек, әуежайдың терминалы да жаңа кейіпке енеді. Айта кету керек, жөндеу жұмыстары барысында әуежай қызметі тоқтатылмайды. Ұшақтар арнайы дайындалған уақытша жолақты пайдаланатын болады. Қазір өңір келесі жылы өтетін аймақаралық форумға әзірлік үстінде. Ауқымды шараға Қазақстан және Ресей президенттері келеді деген жоспар бар. Осыған орай әуежай мәселесі қазір басты назарда. Әуежайдың терминалы мен ұшып-қону жолағын жаңарту үшін, жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Жөндеу жұмыстарына барлығы 7 млрд 800 млн теңге қажет. Биыл оның 4 миллиарды республикалық бюджеттен бөлінді. Қалғаны келесі жылы беріледі. Қазір біз мердігер компанияны іздестіріп жатырмыз. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» Жолдауында әуежайларды дамытуға зор көңіл бөлінген. Осыған байланысты, 2015-2017 жылдар аралығында Астана, Қызылорда, Петропавл, Қостанай әуежайларының инфрақұрылымын дамытып, ұшып-қону алаңдарын, жолаушылар терминалын жаңғырту бойынша ірі жобалар жүзеге асырылады. Астанадағы халықаралық әуежайда жаңа жолаушылар терминалы салынады. Ал ескісі ішкі рейстерге арналатын болады.

[Ақпарат көзі](http://strategy2050.kz/news/24423/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/petropavlda-uezhaydy-zha-yrtu-zh-mystary-bastaldy-526550](https://yvision.kz/kk/post/petropavlda-uezhaydy-zha-yrtu-zh-mystary-bastaldy-526550)