---
title: "Петропавлда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы байқаулардың жеңімпаздары анықталды"
description: "ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақс..."
author: "finpolsko"
published: "2017-05-23T22:29:55+00:00"
modified: "2017-05-23T22:29:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/petropavlda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-ta-yrypta-y-bay-aulardy-zhe-impazdary-any-taldy-767670"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/petropavlda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-ta-yrypta-y-bay-aulardy-zhe-impazdary-any-taldy-767670/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Петропавлда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы байқаулардың жеңімпаздары анықталды

> ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақс...

![Петропавлда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы байқаулардың жеңімпаздары анықталды](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/x1J814WuRRxf28274DP1u0S0ta0pgf.jpg)

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік суреттер, инсталляциялар және шығармалар байқауларының қорытындысын шығарды.

![Петропавлда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы байқаулардың жеңімпаздары анықталды](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/i6GatQIpJ0XkFb5Hc37A4XVW65PY06.jpg)

Ағымдағы жылғы 23 мамырда Департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев Солтүстік Қазақстан облысының бейнелеу өнері мұражайында жеңімпаздарды бес номинация бойынша марапаттау рәсімін өткізді.

«Адал және сатылмайтын еңбекті бейнелейтін үздік сурет» номинациясы бойынша Черкасск ОМ оқушысы Анастасия Вольданова жеңімпаз атанса, 2-ші орынды Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері Рүстем Әбілев пен Гүлнұр Киікбаева және 3-ші орынды Бугровое ОМ оқушысы Бибіжамал Қалық алды.

![Петропавлда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы байқаулардың жеңімпаздары анықталды](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/1CMoHfuJsDLOLmPGaZ19EI61M42C0z.jpg)

«Сыбайлас жемқорлықсыз әлемді бейнелейтін үздік суреттің» авторы ретінде Петропавл қ. қызмет көрсету саласы колледжінің студенті Екатерина Низова танылды. Ал Дубровное ОМ оқушылары Яна Ламанова мен Алина Жабинаның бірлескен жұмысы 2-ші орынды иеленсе, 3-ші орын Петровка ОМ оқушысы Альбина Қазбековаға бұйырды.

![Петропавлда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы байқаулардың жеңімпаздары анықталды](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/c3kqJiOQOpCIzXU5ykhDC9WJuIsPem.jpg)

«Үздік инсталляция» номинациясында даму мүмкіндігі шектеулі жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Соколовка арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері Александр Капустин, Анатолий Игнатенко, София Ворона және Кристина Стрижнева алдарына жан салмады. Олардың іргетасы еңбекқорлықтан салынған, ал іші адалдықпен толтырылған үйлері қарсыластарының да көңілдерінен шықты. 2-ші орынды алған, Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған № 2 арнайы түзету мектеп-интернатының оқушысы Владислав Черепанов болса, өз жұмысында ашкөзділіктің жоқтығы – жоғары байлық екендігін көрсете білді. Жүлделі 3-ші орынды Елецк ОМ өкілі Виктория Ушакова иемденді.

![Петропавлда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы байқаулардың жеңімпаздары анықталды](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/VrR558mZvz2Q9xKJG8tK4K59Gj9EzF.jpg)

«Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» тақырыбындағы шығармалар байқауы мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізілді.

Ана тіліндегі үздік шығарманы С. Шаймерденов атындағы Қазақ классикалық гимназиясының болашақ түлегі Айгерім Ербатыр жазды. Ал жүлделі 2-ші және 3-ші орынды Скачков атындағы Қызылжар ОМ оқушысы Нариман Зейнолла және Воскресеновка ОМ үмітін арқалаған Уәлихан Секенов өзара бөлісті.

![Петропавлда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы байқаулардың жеңімпаздары анықталды](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/298t3a0TU4IKGm2dw7hZO9ufNErN0F.jpg)

Орыс тілінде жазылған шығармалардың арасында «БЭСТ» гимназиясының оқушысы Диана Ковганның жұмысы үздік атанды. 2-ші орынды Явленка №1 ОМ намысын қорғаған Дарина Луценко және 3-ші орынды Воскресеновка ОМ оқушысы Лилия Богер иеленді.

Ғалым Сұлтанұлы дәстүрге айналған, мұндай байқаулардың басты мақсаты – сыбайлас жемқорлықты жат ететін құндылықтарды сақтап қалу мен нығайту, өскелең ұрпақ арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті жоғары деңгейде қалыптастыру болып табылатындығын айтты. Сондай-ақ ол балғындарға белсенді атсалысқандықтары үшін алғысын білдіріп, жазғы демалыстарын сәтті өткізулеріне тілек білдірді.

![Петропавлда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы байқаулардың жеңімпаздары анықталды](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/58x6zB1UhonIMSDoZw8LZpYrU3m6zG.jpg)

Барлығы қатысушылар – өңіріміздің оқушылары мен студенттері байқауға адалдық пен әділдік, еңбекқорлықты паш ететін 97 суретін, мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған 22 шығармасын, 8 инсталляциясын ұсынған болатын.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар және естелік мүсіншелермен марапатталды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/petropavlda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-ta-yrypta-y-bay-aulardy-zhe-impazdary-any-taldy-767670](https://yvision.kz/kk/post/petropavlda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-ta-yrypta-y-bay-aulardy-zhe-impazdary-any-taldy-767670)