---
title: "Петропавлда полиция подполковнигі өлі күйінде табылды"
description: "Ол жүгіру кезінде көз жұмған көрінеді. Фото: t.me/CentralMediaNews Әлеуметтік желіде СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі, подполковник Иван Гугняктың өлі күйінде табылғаны туралы ақпарат тарады. Онда офицердің аттестацияға..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-04-25T07:01:48+00:00"
modified: "2024-04-25T07:01:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/petropavlda-policiya-podpolkovnigi-li-k-yinde-tabyldy-1003969"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/petropavlda-policiya-podpolkovnigi-li-k-yinde-tabyldy-1003969/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Петропавлда полиция подполковнигі өлі күйінде табылды

> Ол жүгіру кезінде көз жұмған көрінеді. Фото: t.me/CentralMediaNews Әлеуметтік желіде СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі, подполковник Иван Гугняктың өлі күйінде табылғаны туралы ақпарат тарады. Онда офицердің аттестацияға...

*Ол жүгіру кезінде көз жұмған көрінеді.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/d7e78c03dbe65bbcab7da4e30f6abc.jpg)

Фото: t.me/CentralMediaNews

Әлеуметтік желіде СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі, подполковник Иван Гугняктың өлі күйінде табылғаны туралы ақпарат тарады. Онда офицердің аттестацияға дайындалу мақсатында жүгірумен айналысып жүргені жазылған.

Ал Гугняктың қайтыс болғанын растаған облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер жедел уәкілдің аттестациядан өтуге дайындалу үшін жүгіргені шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Өйткені оның лауазымы аттестациядан өткізілетіндердің тізімінде болмаған.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/petropavlda-policiya-podpolkovnigi-li-k-yinde-tabyldy-1003969](https://yvision.kz/kk/post/petropavlda-policiya-podpolkovnigi-li-k-yinde-tabyldy-1003969)