---
title: "Петропавл полицейлері жыл басынан тыныштықты бұзған 500-ден аса адамға айыппұл салды"
description: "«Тыныштықты бұзу» бабының санкциясы жеке тұлғаларға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлды к..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-06-06T13:59:17+00:00"
modified: "2019-06-06T13:59:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/petropavl-policeyleri-zhyl-basynan-tynyshty-ty-b-z-an-500-den-asa-adam-a-ayypp-l-saldy-833962"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/petropavl-policeyleri-zhyl-basynan-tynyshty-ty-b-z-an-500-den-asa-adam-a-ayypp-l-saldy-833962/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Петропавл полицейлері жыл басынан тыныштықты бұзған 500-ден аса адамға айыппұл салды

> «Тыныштықты бұзу» бабының санкциясы жеке тұлғаларға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлды к...

«Тыныштықты бұзу» бабының санкциясы жеке тұлғаларға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлды көздейді. Бірақ проблема әлі төтесінен қойылмай отыр.

Көбіне тәулік бойына берілетін пәтерлерді жалға алатындар болып келеді. Көңіл көтеруді жасқы көретіндер қабырғаның ар жағында күнделікті жұмыстан кейін дем алып жатқандар, балалар, сырқаттанған адамдар болуы мүмкін деп ойламайды.

…Жамбыл Жабаев көшесінің бойындағы жалдамалы пәтерге шақырылған полицей наряды 4 әкімшілік хаттама толтырды: жалдамалы пәтерге жайғасып, бір подъездегі адамдарының демалуына кедергі келтірген ішімдік ішкен топ жауапкершілікке тартылды...

«Өтініштердің саны өсіп отыр, былтыр 5 айда 373 өтініш тіркелген болатын, - деп атап өтті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов. – Қалалықтар өздерінің тыныш дем алу құқықтарының бұзылғанын қаламайды. Полиция қызметкерлері жалға беретін пәтерлердің иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп тұрады. Жуырда облыстық полиция басшылығының ПИК төрағалары және жұртшылықпен өткен кездесуінен кейін, пәтер бюролары мен қонақ үй компаниялары басшылығының атына түнгі уақытта (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн) тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті түсіндірумен ұсыныс жолданды.

Кәсіпкерлердің қызметіне шағым жиі түскен жағдайда Петропавл қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссияның отырысында қаралатын болады.

СҚО ПД баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/petropavl-policeyleri-zhyl-basynan-tynyshty-ty-b-z-an-500-den-asa-adam-a-ayypp-l-saldy-833962](https://yvision.kz/kk/post/petropavl-policeyleri-zhyl-basynan-tynyshty-ty-b-z-an-500-den-asa-adam-a-ayypp-l-saldy-833962)