---
title: "Пед. колледж түлектерімен мақтанады!"
description: "Сүйікті AlmaMater акциясы аясында Б. Ахметова атындағы педагогикалық колледждің түлектері «Математик..."
author: "CRMI"
published: "2017-10-14T04:57:51+00:00"
modified: "2017-10-14T04:57:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ped-kolledzh-t-lekterimen-ma-tanady-781680"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ped-kolledzh-t-lekterimen-ma-tanady-781680/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Пед. колледж түлектерімен мақтанады!

> Сүйікті AlmaMater акциясы аясында Б. Ахметова атындағы педагогикалық колледждің түлектері «Математик...

Сүйікті AlmaMater акциясы аясында Б. Ахметова атындағы педагогикалық колледждің түлектері «Математика және оны оқыту әдістемесі» кабинетін ашуға өз үлестерін қосты.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/XWqHJs5yN3bntZgIbdnYtUtdalz3aZ.jpg)

«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын демекші, біз өз түлектерімізге үлкен ризашылығымызды білдіреміз және олардың бұл ісін колледжіміздің студенттеріне мақтанышпен айтып отырамыз. Және тағы бір айта кетерлігі түлектер ашып берген бұл кабинетке Отан соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз Елюбаева Қантай Амерханқызының аты берілді. Бұл ардақты ұстазымыздың есімін ел аузында сақтап қалу үшін үлкен көмек береді деп ойлаймыз.» - дейді, оқытушы Салтанат Ақтайқызы.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/ClKHaoBULX0Jxs5gnXqYs5FhZi9R2c.jpg)

Осылайша түлектердің арқасында бір емес екі іс өз шешімін тапты. Енді педагогикалық коллдж студенттері арнайы матиматика пәні кабинеті мен қатар облысымыздың ардақты ұстазының да есімін жаңғыртып отырады деген ойдамыз.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/RlkeY8ejuFG20ogcMSLempk4DytP4Z.jpg) Естеріңізге сала кетейік Сүйікті AlmaMater акциясы 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында жүреді. Бұл акция аясында оқу орнының түлектері өз ордасына жақсы сөзден бастап жақсы ісімен де көзге түсе алады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ped-kolledzh-t-lekterimen-ma-tanady-781680](https://yvision.kz/kk/post/ped-kolledzh-t-lekterimen-ma-tanady-781680)