---
title: "Пай сезім-ай, қалдың-ау, елес болып..."
description: "Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Евгений Дога «Вальс»Бейнематериал авторы – Юля Матвеев..."
author: "Aikosmuz"
published: "2018-09-22T10:13:41+00:00"
modified: "2018-09-22T10:13:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/pay-sezim-ay-aldy-au-eles-bolyp-814972"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/pay-sezim-ay-aldy-au-eles-bolyp-814972/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Пай сезім-ай, қалдың-ау, елес болып...

> Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Евгений Дога «Вальс»Бейнематериал авторы – Юля Матвеев...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Евгений Дога «Вальс»

Бейнематериал авторы – Юля Матвеева, Светлана Левина

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Сезім шіркін келесің, мұң басқанда,

Өз-өзіммен оңаша, қалғанымда.

Әнге сеніп, сырымды ашқанымда,

Ну ормандай, ойымда, адасқанда.

Пай сезім-ай, қалдың-ау, елес болып,

Шақырасың несіне, адастырып.

Кейде мүлдем тұрасың, өгейсініп,

Кірпігіме, мұң шамын, неге іліп?

Арман сезім болады, қос аққудай,

Айдынында өмірдің, бірге жүзіп.

Бұйырады-ау адамға, неге осылай,

Бірде жанған мынау сезім, кейін сөніп.

Ешбір заңды сезім-ай, мойындамай,

Жарлығыңды саласың, дым ойланбай.

Отты шоқ қып, шоқты от қып, шіркін-ай,

Тағыдырымнан өттің-ау, дым аямай.

Көндіресің, дейсің-ау, сезіктенбе,

Төзімді бол, дейсің-ау, өкпелеме.

Тік қарашы, дейсің-ау, кезіккенде,

Мен сондаймын, дейсің-ау, мына өмірде.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/pay-sezim-ay-aldy-au-eles-bolyp-814972](https://yvision.kz/kk/post/pay-sezim-ay-aldy-au-eles-bolyp-814972)