---
title: "Пай ғашықтар, бағалаңдар сезімді..."
description: "Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Сергей Грищук “Твой Глаза”Бейнематериал авторы – Ивент..."
author: "Aikosmuz"
published: "2018-08-11T10:32:21+00:00"
modified: "2018-08-11T10:32:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/pay-ashy-tar-ba-ala-dar-sezimdi-812119"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/pay-ashy-tar-ba-ala-dar-sezimdi-812119/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Пай ғашықтар, бағалаңдар сезімді...

> Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Сергей Грищук “Твой Глаза”Бейнематериал авторы – Ивент...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Сергей Грищук “Твой Глаза”

Бейнематериал авторы – Ивент Агентство EVENT DELUXE

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Пай ғашықтар, бағалаңдар сезімді,

Жақсылығын өсіріп, кемін жауып.

Қанат беріп ұшырған, осы күнді,

Самғатыңдар, биікті, талай алып.

Қапаланып жүрмеңдер, кетермін деп,

Ортақ болған сезімнен, себеп іздеп.

“Мынау Тәңірім, жүрсе екен, бізді жебеп”,

Деп ойлаңдар, сезімге, бақыт тілеп.

Екі жарты-бір бүтін, болғайсыңдар,

Нәзік сезім солмаса, жайнайсыңдар.

Шын сүйгендер, бір-бірін, қимайды ғой,

Мынау өмірге, жарты боп, сыймайды ғой.

Егіз аққу болыңдар, көктемді іздеп,

Бақыт гүлін жинаңдар, кең даланың.

Жайнап тұрсын бақтарың, мәңгі гүлдеп,

Бұл-бұл үні сайрасын, көп баланың.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/pay-ashy-tar-ba-ala-dar-sezimdi-812119](https://yvision.kz/kk/post/pay-ashy-tar-ba-ala-dar-sezimdi-812119)