---
title: "Павлодарлық ЖҚКО Баянауыл жастарымен кездесті"
description: "Баянауыл ауданында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру және жастарға қызмет көрсету мақсатында Па..."
author: "CRMI"
published: "2016-06-21T05:01:11+00:00"
modified: "2016-06-21T05:01:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodarly-zh-ko-bayanauyl-zhastarymen-kezdesti-698731"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodarly-zh-ko-bayanauyl-zhastarymen-kezdesti-698731/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Павлодарлық ЖҚКО Баянауыл жастарымен кездесті

> Баянауыл ауданында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру және жастарға қызмет көрсету мақсатында Па...

Баянауыл ауданында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру және жастарға қызмет көрсету мақсатында Павлодар қаласының Жастар бастамаларын дамыту орталығының мобильді жастарға қызмет көрсету орталығы мен аудандық Жастар орталығы бірлесе отырып, 2016 жылғы 20 маусым күні аудан жастарының қатысуымен семинар ұйымдастырылды. Шараға барлығы 40 адам қатысты.

![Павлодарлық ЖҚКО Баянауыл жастарымен кездесті](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/66jZ287Guiu52LwkP2nUC9RvR0lWym.jpg)

Семинар барысында «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі бөлім жетекшісі Төлеген Жұмабекұлы Айтбаев «Дүниежүзілік Банк» бағдарламасын түсіндіріп қана қоймай оны қалай іске асыру жолдарын айтып кетті.

Жастар мен жас отбасылардың тұрғын үй мәселелерін жөнідегі инспекторы Сания Батхолдина «Жас отбасы», «Қолжетімді тұрғын-үй 2020» және «Жалға берілетін тұрғын-үй» мемлекеттік бағдарламалары бойынша ақпарат ұсынды.

![Павлодарлық ЖҚКО Баянауыл жастарымен кездесті](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/LUbA1WhWrl8r32sZNDodELMEAPY4u0.jpg)

Сонымен қатар жастарды жұмысқа орналастыру бойынша қызметтерді іске асыруға, білікті мамандар, жастар мен жас отбасыларға психологиялық қызмет көрсету және имиджді жобаларды іске асыруға бағытталған жобаларды атап көрсетті.

![Павлодарлық ЖҚКО Баянауыл жастарымен кездесті](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/J8J0EAPV02Pra06g5cKzGcrL15Y62O.jpg)

Кездесу жастардың көңілінен шығып, өздерінің толықтырылмаған ақпараттарын сұрақтары арқылы толықтырып, көптеген пайдалы мәлімет алды.

 

**Баянаул ауданың жастар орталығы**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/pavlodarly-zh-ko-bayanauyl-zhastarymen-kezdesti-698731](https://yvision.kz/kk/post/pavlodarly-zh-ko-bayanauyl-zhastarymen-kezdesti-698731)