---
title: "Павлодарда жастарға арналған Республикалық семинар-тренинг жалғасуда"
description: "Мемлекеттік жастар саясаты мектебі жанындағы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жастар ұйымдары мен жа..."
author: "CRMI"
published: "2017-06-22T01:23:39+00:00"
modified: "2017-06-22T01:23:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-zhastar-a-arnal-an-respublikaly-seminar-trening-zhal-asuda-770877"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-zhastar-a-arnal-an-respublikaly-seminar-trening-zhal-asuda-770877/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Павлодарда жастарға арналған Республикалық семинар-тренинг жалғасуда

> Мемлекеттік жастар саясаты мектебі жанындағы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жастар ұйымдары мен жа...

Мемлекеттік жастар саясаты мектебі жанындағы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жастар ұйымдары мен жастардың өзін-өзі басқару мекемелерінің өкіледеріне арналған «Жастардың қоғамдық шараларға жергілікті деңгейде қатысуы» атты Республикалық деңгейдегі семинар-трениг өткізуде. 21-23 маусым күндері аралығында Павлодар облысы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының Жастар бастамаларын дамыту орталығында қатысушылар осы салаға қатысты семинарлар, тренигтер, әдістемелік жұмыстарға қатысатын болады.

![Павлодарда жастарға арналған Республикалық семинар-тренинг жалғасуда](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/XXPy0B73TywE2uxzI1fmj9mUx36o6K.jpg)

Кеше семинардың бірінші күнінің өзінде «Жастардың түсінігі. Жастар санатары», Көшбасшылық – жастардың тиімді басқарудың маңызды компоненттерінің бірі», «Жастар ұйымдары, өзін-өзі басқару органдары, стандарттары және бағалау әдістемесі» сияқты тақырыптарда әдістемелік кеңестік отырыстар мен семинарлар болып өтті.

![Павлодарда жастарға арналған Республикалық семинар-тренинг жалғасуда](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/gzRn91VqpK8982P32Q050l4FWqLFcS.jpg)

Семинардың ашылуында сөз алған «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директорының орынбасары Әсем Қайдарова: Қазіргі сәтте жастардың тек 10 % қоғамдық өмірге белсенді араласады екен, ал бұл қуантарлық көрсеткіш емес, сол себепті де бізге қазіргі сәттен бастап жастар ұйымдарының қызметінн бағалауды және стандарттарын қарап, жұмыс тиімділігін арттыруды үйренуіміз керек, -деді.

![Павлодарда жастарға арналған Республикалық семинар-тренинг жалғасуда](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/S4KwgscIe8W6IDG1kFHa9RrVh5XYp4.jpg)

Бүгін Республикалық семинар-тренингтің 2 күні өтуде. Күн тәртібінде «Жастар бастамаларына менторлық жүргізу», «Жастардың қатысуы», «Жастардың қатысуына бағытталған жобалар» атты мәселелер қарастырылуда.

![Павлодарда жастарға арналған Республикалық семинар-тренинг жалғасуда](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/gQ9M870afVXP1G57v4TlUTUd60YCab.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-zhastar-a-arnal-an-respublikaly-seminar-trening-zhal-asuda-770877](https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-zhastar-a-arnal-an-respublikaly-seminar-trening-zhal-asuda-770877)