---
title: "Павлодарда заңсыз ағаш кескендер ұсталды"
description: "Published 29.09.2015 24.kz Іштен шыққан жау жаман. «Ертіс орманы» табиғи резерватының үш бірдей қыз..."
author: "Green-bridge1"
published: "2015-09-28T21:40:05+00:00"
modified: "2015-09-28T21:40:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-za-syz-a-ash-keskender-staldy-555945"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-za-syz-a-ash-keskender-staldy-555945/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Павлодарда заңсыз ағаш кескендер ұсталды

> Published 29.09.2015 24.kz Іштен шыққан жау жаман. «Ертіс орманы» табиғи резерватының үш бірдей қыз...

Published 29.09.2015

[24.kz](http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/85043-staldy) Іштен шыққан жау жаман. «Ертіс орманы» табиғи резерватының үш бірдей қызметкері ағаш кесіп жатқан жерінде ұсталды. Мекемеде ғылыми қызметкер, өрт сөндіруші және жүргізуші болып еңбек еткен азаматтардың заңсыз әрекеті Шалдай орманында жүргізілген рейдтік шаралар барысында әшкере болды. Полицейлер оқиға болған жерден заттай айғақтар тапқан. Екі ағаш кесетін арамен бөренелер тиелген «Газ 53» көлігі тәркіленді. Жасыл желекті кескендер енді заң алдында жауап бермек. Баян Мағзұмова, облыстық ІІД баспасөз хатшысы:
- Алдын ала есептеу бойынша, залал сомасы 124 мың теңгеден асады. Ұрлық дерегі бойынша тергеу жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. http://gbpp.org/kz/2015/09/8228

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-za-syz-a-ash-keskender-staldy-555945](https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-za-syz-a-ash-keskender-staldy-555945)