---
title: "Павлодарда қысқы Универсиада алауы жағылды"
description: "Павлодардағы қысқы Универсиада алауы С.Торайғыров атындағы ПМУ-дан басталып 3000 көрермен күтіп отыр..."
author: "CRMI"
published: "2017-01-26T06:37:36+00:00"
modified: "2017-01-26T06:42:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-ys-y-universiada-alauy-zha-yldy-752209"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-ys-y-universiada-alauy-zha-yldy-752209/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Павлодарда қысқы Универсиада алауы жағылды

> Павлодардағы қысқы Универсиада алауы С.Торайғыров атындағы ПМУ-дан басталып 3000 көрермен күтіп отыр...

Павлодардағы қысқы Универсиада алауы С.Торайғыров атындағы ПМУ-дан басталып 3000 көрермен күтіп отырған "Астана" МС дейін Павлодардың орталық көшелерімен жүріп өтіп өтті.

![Павлодарда қысқы Универсиада алауы жағылды](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/6GXE54330tF7beRN088O3439nzLe9J.jpg)

"Астана" МС-да керемет шоу концерт ұйымдастырылып, оған еліміздің эстрада жұлдыздары қатысты.

![Павлодарда қысқы Универсиада алауы жағылды](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/k7F49LmTqPn44yBaM01tyu96XSfHE8.jpg)

- Бүгін біз әлемдегі ауқымды шаралардың бірін көріп қана қоймай, оның қатысушысы атанып отырмыз. Алауды ұстап өткен әр азамат еліміздің мақтауға лайықты тұлғасы деп білемін, - деді облыс әкімі Болат Бақауов.

![Павлодарда қысқы Универсиада алауы жағылды](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/B8q1df5bDeCD695NyNuZ2fnfzG9UkB.jpg)

XXVIII бүкіләлемдік қысқы Универсиада Алматы қаласында 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Аталмыш қысқы ойындар арасында медальдар спорттың 12 түрі бойынша сарапқа салынады. Қазақстан құрамасы спорттың 7 түрі бойынша бақ сынайды.

мәліметтер pavlodarnews.kz сайтынан алынды

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-ys-y-universiada-alauy-zha-yldy-752209](https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-ys-y-universiada-alauy-zha-yldy-752209)