---
title: "Павлодардағы әскери мектепте жаппай төбелес болды..."
description: "Павлодарда Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» мектеп-лицей-интернатта жаппай төбелес болды. Төбелестің видеосын жариялаған kerek.pv телеграм-арнасының хабарлауынша, оған 40 шақты кадет қатысқан. Олардың үшеуі зардап шегіпті. Жараланған оқушыларға..."
author: "jan.123"
published: "2024-05-23T07:26:27+00:00"
modified: "2024-05-23T07:26:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-y-skeri-mektepte-zhappay-t-beles-boldy-video-1004907"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-y-skeri-mektepte-zhappay-t-beles-boldy-video-1004907/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Павлодардағы әскери мектепте жаппай төбелес болды...

> Павлодарда Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» мектеп-лицей-интернатта жаппай төбелес болды. Төбелестің видеосын жариялаған kerek.pv телеграм-арнасының хабарлауынша, оған 40 шақты кадет қатысқан. Олардың үшеуі зардап шегіпті. Жараланған оқушыларға...

*Павлодарда Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» мектеп-лицей-интернатта жаппай төбелес болды.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/f44a7341edb9c8c67b8063d96e9830.jpg)

Төбелестің видеосын жариялаған [kerek.pv](https://t.me/kerekpv/14873) телеграм-арнасының хабарлауынша, оған 40 шақты кадет қатысқан. Олардың үшеуі зардап шегіпті.

Жараланған оқушыларға медициналық көмек көрсетілді. Сосын олар үйлеріне жіберілген.

«Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сараптамалар белгіленді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің өкілдері.

Ал облыстың білім басқармасындағылар қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын жеткізді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-y-skeri-mektepte-zhappay-t-beles-boldy-video-1004907](https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-y-skeri-mektepte-zhappay-t-beles-boldy-video-1004907)