---
title: "Павлодарда «той-бизнес» өкілдерінің жәрмеңкесі өтті"
description: "Үйлену тойы – кез келген адам өміріндегі ұмытылмас сәттердің бірі. Ал, ғашықтар болса өз кезегінде т..."
author: "CRMI"
published: "2017-03-01T06:28:09+00:00"
modified: "2017-03-01T06:30:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-toy-biznes-kilderini-zh-rme-kesi-tti-758416"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-toy-biznes-kilderini-zh-rme-kesi-tti-758416/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Павлодарда «той-бизнес» өкілдерінің жәрмеңкесі өтті

> Үйлену тойы – кез келген адам өміріндегі ұмытылмас сәттердің бірі. Ал, ғашықтар болса өз кезегінде т...

Үйлену тойы – кез келген адам өміріндегі ұмытылмас сәттердің бірі. Ал, ғашықтар болса өз кезегінде тойларын ерекше қылып өткізгісі келетіні белгілі.

![Павлодарда «той-бизнес» өкілдерінің жәрмеңкесі өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/Q038W7dJEM11k00VS65EGU3b0HzvbJ.jpg)

Осы мақсатта Павлодар қаласында, 1 наурыз күні, «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен аймақтағы «той-бизнес» өкілдерінің барлығы жиналған «Менің тойым» үйлену той жәрмеңкесі өтті. Шараның басты мақсаты – өңірдегі той индустриясының дамуына серпін беру және отбасын құруға ниетті жастарға арналған көмек болып табылады.

![Павлодарда «той-бизнес» өкілдерінің жәрмеңкесі өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/1THMGVc32tl047ZFahvufTH4KkgHZe.jpg)

Осы күні Павлодар Event инстустириясының үздік мамандары, үйлену той салондары, мерекелік агенттіктер, жүргізушілер, асаба, шоумендер, фото-видео студиялар, ерекше жанрдағы әртістер, барлығын бір орынға жиналып, өз жұмыстарымен таныстырды.

![Павлодарда «той-бизнес» өкілдерінің жәрмеңкесі өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/cMp4GqQ1VG7f2mzX1Lv3ZeJOnJRXFR.jpg)

Қатысушылар арасында лоторея ойнатылды. Жеңімпаздарға тегін фото сессия мен тегін флешмоб қойылымына сертификаттар табыс етілді.

![Павлодарда «той-бизнес» өкілдерінің жәрмеңкесі өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/T5MmZBSMU18B94RwsaoDR1dE468559.jpg)

Іс-шараның аяқталысымен жастар өз таңдауларын жасай алды, ал той агенттіктері сұраныс пен танымалдыққа ие болды.

![Павлодарда «той-бизнес» өкілдерінің жәрмеңкесі өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/29gk1OOpBGnfd9cP7ffx8jc7884dsT.jpg)

Алтынбек Мақсатхан

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-toy-biznes-kilderini-zh-rme-kesi-tti-758416](https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-toy-biznes-kilderini-zh-rme-kesi-tti-758416)