---
title: "Павлодарда «Тіл шебері» конкурсы өтті"
description: "2016 жылғы 27 мамырда Жастар бастамаларын дамыту орталығында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқ..."
author: "CRMI"
published: "2016-05-27T06:26:41+00:00"
modified: "2016-05-27T06:26:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-til-sheberi-konkursy-tti-695160"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-til-sheberi-konkursy-tti-695160/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Павлодарда «Тіл шебері» конкурсы өтті

> 2016 жылғы 27 мамырда Жастар бастамаларын дамыту орталығында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқ...

2016 жылғы 27 мамырда Жастар бастамаларын дамыту орталығында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен тілдердің үш тұғырлығын насихаттау, үш тілді-қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді анықтау мен қолдау мақсатын «Тіл шебері» атты облыстық конкурсы өткізілді.

![Павлодарда «Тіл шебері» конкурсы өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/Y6fllP0gDSAUCZSp5A81nOHDIGceMr.jpg)

Конкурста қалалар мен аудандардың үш тілді меңгерген 21 мен 29 жас аралығындағы үміткерлер бақ сынады.

Қатысушылар «Мәдениеттаным» кезеңінде қазақ халқының салт-дәстүрлері жөніндегі сұрақтарға жауап берсе, «Ұлттаным» кезеніңде қазақ елі тарихы мен тұлғалары, еліміздің аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс, ағылшын тіліндерінде жауап берді. Ал, үшінші «Өнертаным» кезеңінде шығармашылық тапсырмаларды орындады.

![Павлодарда «Тіл шебері» конкурсы өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/Z3d63936YzqOfnPu9uQSTYQE2kn46e.jpg)

Қатысушылардын білімдерін ПМПИ, қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі , ф.ғ.к., доцент Қ.С. Ерғалиев төрағалық еткен білікті әділқазылар бағалады.

![Павлодарда «Тіл шебері» конкурсы өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/PrDd7rqYE1VJ7V5jmZSrad61kbhaSe.jpg)

Байқау нәтижесі бойынша I жүлделі орынды Қабылбекова Әлия жеңіп алса, ІІ орынды Сансызбаева Ақтолқын, ІІІ орынды Бегимова Лейла иеленді. Барлық қатысушылар сыйлықтар, дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды. Байқаудың жеңімпазы Астана қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.

![Павлодарда «Тіл шебері» конкурсы өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/R3cnqsjk1Kce6655q4325JlV8rH5i9.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-til-sheberi-konkursy-tti-695160](https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-til-sheberi-konkursy-tti-695160)