---
title: "Павлодарда мектеп оқушылары арасында сап түзеу және әндер байқауы өтті"
description: "Міне, биыл Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне – 25 жыл. Жиырма төрт жылын артқа тастаған елі..."
author: "CRMI"
published: "2017-05-04T03:46:01+00:00"
modified: "2017-05-04T04:43:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-mektep-o-ushylary-arasynda-sap-t-zeu-zh-ne-nder-bay-auy-tti-765750"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-mektep-o-ushylary-arasynda-sap-t-zeu-zh-ne-nder-bay-auy-tti-765750/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Павлодарда мектеп оқушылары арасында сап түзеу және әндер байқауы өтті

> Міне, биыл Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне – 25 жыл. Жиырма төрт жылын артқа тастаған елі...

Міне, биыл Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне – 25 жыл. Жиырма төрт жылын артқа тастаған еліміздің қорғаныс саласы осы жылдар ішінде небір белестен өтіп, небір қамалдарды алды. Бұғанасын бекітіп, қанатын қатайтты. Өсті, өркендеді, осылайша, бүгінгі келбетіне жетті. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысында Жеңіске жеткенімізге биыл 72 жыл толып отыр.Осы жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан тарихындағы жарқын беттерге айналды. Ұлы жеңістің тарихтан алатын орны ерекше. Бүкіл Кеңес халқының 20-25 млн-нан астам ержүрек ұлдары мен қыздары құрбан болды.Бұл соғыста миллиондаған әйелдер жесір, балалар әкесіз қалды. Аналар ұлдарынан айырылды, оның құрбандығына шалынбаған отбасы қалмады.

![Павлодарда мектеп оқушылары арасында сап түзеу және әндер байқауы өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/ds6V9wR2F5h2e817att3M1IDl1cEdZ.jpg)

Бүгін, 04 мамыр күні Павлодар қаласының Орталық жағажайында осы мерейлі даталарға арналған мектеп оқушылары арасындағы әскер сап түзеу және әскери әндер байқауы өтті. Ауқымды іс-шараға барлығы 450 мектеп оқушысы қатысты. Олар: Павлодар қаласының әскери мамандандырылған кадет мектебі, Павлодар қаласының 1,2 құрамды командалары, Екібастұз, Ақсу, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Лебяжі, Қашыр, Май, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарының командалары. Барлық командалардың киім үлгілері талапқа сай, арнайы тапсырыспен тігілген.

![Павлодарда мектеп оқушылары арасында сап түзеу және әндер байқауы өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/Pkv9RD6iFpmuogakE44W0eglP3U7sB.jpg)

Шараның басты ең мақсаты болашақ Отан қорғаушыларымыздың отансүйгіштік, патриоттық рухын арттыру, жасөспірімдердің әскери дайындығын пысықтау.

![Павлодарда мектеп оқушылары арасында сап түзеу және әндер байқауы өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/j4rbUh6D91QB2H44gJKyB2RQLM8zx3.jpg)

-Қадірменді қауым! Халқымызда «Темірдей тәртіп болмаған жерден, тегеурінді іс күтпе» деген көрегенді сөз бар. Бұндай шаралар жас сарбаздарды Отан алдында үлкен жауапкершілікке, нағыз азамат тұлғасының қалыптасуына шақырады, деді Павлодар облысы Білім беру басқармасының орынбасары Ернұр Дәуенұлы.

![Павлодарда мектеп оқушылары арасында сап түзеу және әндер байқауы өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/K861m355YaS3l9BhRwdUNRNdo5xAzh.jpg)

Жалпы байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – Сап түзеудің сыртқы көрінісі мен теориялық білімді сынау болса, 2 кезең – Салтанатты түрдегі парадтық жүріс, 3 кезең – Ән айту арқылы салтанатты түрде парадтық жүріс! Байқауға Аймақтық алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі оқу-тәжірибелік орталығының орынбасары Аленов Темірболат Мұсабекұлы, Павлодар облысы Қорғаныс департаментінің орынбасары, подполковник Буксман Дмитрий Александрович, Павлодар облысы және Павлодар қ. Ауған соғысының ардагерлері және мүгедектері қоғамдық қорының директоры Майқатов Байғабыл нұртайұлы қазылық етті.

![Павлодарда мектеп оқушылары арасында сап түзеу және әндер байқауы өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/Yhz23qyUtSTMu9bhb5qsNRESE1lu9J.jpg)

Байқау қорытындысы бойынша қалалар арасында 1 орынға - Павлодар қаласының №1 командасы, 2 орынға - Павлодар қаласының №2 командасы, 3 орынға - Екібастұз қаласының командасы қол жеткізсе,аудандар арасында 1 орынға - Павлодар ауданы, 2 орынға - Железин ауданы, 3 орынға - Баянауыл аудандары қол жеткізді. Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен және дипломдармен марапатталды.

![Павлодарда мектеп оқушылары арасында сап түзеу және әндер байқауы өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/z5r5kYyTj95JeNzofohRdq2yXi48Fq.jpg)

![Павлодарда мектеп оқушылары арасында сап түзеу және әндер байқауы өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/W1eW87GKofjSSfZZD3wjKiPhgM9WNB.jpg)

![Павлодарда мектеп оқушылары арасында сап түзеу және әндер байқауы өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/oXpbZ2M7SATR7bbGXPkh02LvpT2hXN.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-mektep-o-ushylary-arasynda-sap-t-zeu-zh-ne-nder-bay-auy-tti-765750](https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-mektep-o-ushylary-arasynda-sap-t-zeu-zh-ne-nder-bay-auy-tti-765750)