---
title: "Павлодарда ірі есірткі лабораториясы жойылды (видео)"
description: "2024 жылғы 11 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті \"Бүркіт\" ЖСН және прокуратура органдарынының үйлестіруімен Павлодар қаласында синтетикалық есірткілердің ірі жасырын өндіріс орнын жою бойынша операция жүргізді. ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша,..."
author: "jan.123"
published: "2024-05-21T04:43:25+00:00"
modified: "2024-05-21T04:43:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-iri-esirtki-laboratoriyasy-zhoyyldy-video-1004826"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-iri-esirtki-laboratoriyasy-zhoyyldy-video-1004826/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Павлодарда ірі есірткі лабораториясы жойылды (видео)

> 2024 жылғы 11 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Бүркіт" ЖСН және прокуратура органдарынының үйлестіруімен Павлодар қаласында синтетикалық есірткілердің ірі жасырын өндіріс орнын жою бойынша операция жүргізді. ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша,...

*2024 жылғы 11 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Бүркіт" ЖСН және прокуратура органдарынының үйлестіруімен Павлодар қаласында синтетикалық есірткілердің ірі жасырын өндіріс орнын жою бойынша операция жүргізді.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/743be5b34d0a9b2c6d9bd02cd2cfc2.jpg)

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы мен үш шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынған.

Саяжай алабындағы үйді тінту кезінде 170 кг-нан астам "мефедрон", 2 тонна прекурсорлар, сондай-ақ зертханалық жабдықтар табылды және тәркіленді.

"Қара нарықта" алынған есірткінің құны 4,2 млрд. теңгені, ал көлемі 680 мың дозадан асады.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/42bbb5a064ed9a0928421d5a69c8c1.jpg)

Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-iri-esirtki-laboratoriyasy-zhoyyldy-video-1004826](https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-iri-esirtki-laboratoriyasy-zhoyyldy-video-1004826)