---
title: "Павлодарда домбырашылардың флэшмобы өтті"
description: "Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 25 жұлдызды күндер аясында «Ұлы дала Елі – Тәуелсіздіктің 2..."
author: "CRMI"
published: "2016-12-12T03:36:12+00:00"
modified: "2016-12-12T03:36:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-dombyrashylardy-fleshmoby-tti-736603"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-dombyrashylardy-fleshmoby-tti-736603/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Павлодарда домбырашылардың флэшмобы өтті

> Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 25 жұлдызды күндер аясында «Ұлы дала Елі – Тәуелсіздіктің 2...

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 25 жұлдызды күндер аясында «Ұлы дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты іс-шаралар жоспарындағы 73-тармаққа сәйкес 12-желтоқсанда еліміздің барлық аймақтарындағы Ойын-сауық кешендерінде «Сарыарқа» күйін орындауымен домбырашылардың флэшмобын өткізу көрсетілген болатын.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/wKmSuIqd9XYE4aLM3pgC38XV7IyD4R.jpg)

Осыған орай, Павлодар облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, облыстық Жастар бастмаларын дамыту орталығының ұйымдастыруымен 12 желтоқсан күні қаламыздағы «Batyr mall» сауда үйінде Павлодар музыкалық колледжінің 25 домбырашылары бір мезетте «Сарыарқа» күйі орындалған үлкен мерекелік флэшмоб өткізілді.

Құрманғазының алғашқы шығармаларының бірі – “Кішкентай”. Бұл күй көтеріліс басшысы Исатайға арналған. Оның шығарған “Ақбай”, “Ақсақ киік”, “Көбік шашқан”, “Түрмеден қашқан”, “Адай” деген күйлерінде нұрлы болашақ, халық үміті, үстем тапқа деген ыза-кек шебер суреттеледі. Күйші “Сарыарқа” күйі арқылы туған жерді, кең байтақ даланы көз алдына келтіреді. Құрманғазы күйлері тыңдаушысын бай сазымен, кербез нақышымен, жігерлі қуатымен борандатып, ұшқыр екпінімен баурап əкетеді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/avEHs00W5cD1TH0fM2qx6MJ77l95Ww.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-dombyrashylardy-fleshmoby-tti-736603](https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-dombyrashylardy-fleshmoby-tti-736603)