---
title: "Павлодарда бір күннің ішінде әлеуметтік баспана алуға жүз қырық өтініш қабылданды"
description: "Кеше Павлодарда «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы тұрғын үйі» б..."
author: "CRMI"
published: "2016-05-24T03:04:42+00:00"
modified: "2016-05-24T03:04:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-bir-k-nni-ishinde-leumettik-baspana-alu-a-zh-z-yry-tinish-abyldandy-694646"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-bir-k-nni-ishinde-leumettik-baspana-alu-a-zh-z-yry-tinish-abyldandy-694646/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Павлодарда бір күннің ішінде әлеуметтік баспана алуға жүз қырық өтініш қабылданды

> Кеше Павлодарда «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы тұрғын үйі» б...

Кеше Павлодарда «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы тұрғын үйі» бағыты бойынша «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде арендалық баспана сатып алу үшін құжаттарды қабылдау басталды. Бүгін екі сағаттың ішінде өтініштердің саны екі жүзге жақындады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/5166NpnCysrv340bd8le0hzU9FZOGM.jpg)

Бұл туралы агенттікке жастар бастамаларын дамыту орталығының ақпараттық-кеңес беру бөлімінің басшысы Төлеген Айтбаев мәлім етті. - Бірінші күні қала тұрғындарынан 140 өтініш қабылдап үлгердік. Бүгін екі сағаттың ішінде 60-қа тарта өтініш түсті. Адамдар мамандардың кабинеттерінің қасында топ-тобымен тұрмас үшін алдымен барлығы тізімге жазылады. Кейін оларды аты-жөнін атап шақыртады. Қазіргі уақытта аталмыш тізімге 900-ге жуық адам жазылған. Бүгін 200-дей адамды қабылдауымыз керек. Жоспар бойынша бес күннің ішінде үш мыңға тарта өтініш қабылдаймыз, - деді Т. Айтбаев.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/Z2x38aYcw3Rz85PupeH7i3oor02vyf.jpg)

Жалпы Павлодар қаласында төрт дәреже бойынша әлеуметтік баспанаға мұқтаж 14612 адам кезекте тұр. Ең көп 6409 өтініш мемлекеттік, бюджеттік және әскери қызметкерлерден түскен. Әлеуметтік тұрмысы төмен адамдар саны 500-ге жуық. Өтініштердің 1866-ы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, 28-і жалғыз тұрғын үйі тұруға жарамсыз деп танылған жандарға тиесілі.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/foxgoaNMQK1kE9Ax1oiU9F8P9SWt5D.jpg)

Естеріңізге сала кетсек, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж жандардың есебінде тұрған азаматтарға Академик Сәтбаев көшесіндегі тұрғын үйдің 270 пәтері сатылымға қойылды. Оның ішінде бір бөлмелі пәтерлер саны - 108, екі бөлмелі пәтерлер саны - 108 және 54-і - үш бөлмелі пәтерлер.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/kP2gaBNo6EQjOBChCDsoCMlUMbPfQA.jpg)

 

**Назым Қарабаева**

**Суретті түсірген - Ольга Воронько, Светлана Воронова**

**pavlodarnews.kz**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-bir-k-nni-ishinde-leumettik-baspana-alu-a-zh-z-yry-tinish-abyldandy-694646](https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-bir-k-nni-ishinde-leumettik-baspana-alu-a-zh-z-yry-tinish-abyldandy-694646)