---
title: "Павлодарда 50-ге жуық шәкірт Құран Кәрім мен араб тілінен жарысқа қатысты"
description: "Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінде Құран Кәрім және Араб тілі пәндерінен арнайы бе..."
author: "CRMI"
published: "2016-05-26T05:28:12+00:00"
modified: "2016-05-26T05:28:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-50-ge-zhuy-sh-kirt-ran-k-rim-men-arab-tilinen-zharys-a-atysty-694994"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-50-ge-zhuy-sh-kirt-ran-k-rim-men-arab-tilinen-zharys-a-atysty-694994/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Павлодарда 50-ге жуық шәкірт Құран Кәрім мен араб тілінен жарысқа қатысты

> Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінде Құран Кәрім және Араб тілі пәндерінен арнайы бе...

Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінде Құран Кәрім және Араб тілі пәндерінен арнайы бекітілген ереже бойынша жарыс өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Орталық Мәшһүр Жүсіп мештінің баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлының айтуынша, 25-30 жас аралығындағы жастар қысқа сүрелерді жатқа айтып, шәкірттердің қырағатқа сай Құран аяттарын оқуына және діни терминдерді білуіне баса назар аударылды. Бүгінде аталмыш оқу орнында еліміздің он өңірінен келген шәкірттер білім алуда.

- Медреседе оқылатын барлық пәндер маңызды. Дегенмен Құран және араб тілі - негізгі пәндердің бірі. Шәкірттердің осындай жоғары көрсеткішке ие болуына Ербол Құдабаев, Есенбек Совет және Берікбай Германұлы секілді білімді әрі тәжірибелі ұстаздардың еңбегі зор. Медресе әкімшілігі алдағы уақытта мұндай жарыстарды үзбей өткізіп отыратын болады, - дейді медресе директоры Серікбол Аршабаев.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/rG5d4jl5VtHiabjmxC2UB2Rz66V8qL.jpg)

Айта кетерлігі, жарысқа медресенің барлық шәкірттері қатысып, олардың білімі баллдық жүйемен есептелген. Шәкірттер арасынан Құран Кәрім пәні бойынша Жақып Әлімов, Дауылбай Сайлауұлы, Рамазан Мархаба жеңімпаз атанса, Араб тілі пәні бойынша Дауылбай Сайлауұлы, Талғат Илмеев, Әділбек Малғаждар басқалардан озық нәтиже көрсетті. Барлық жеңімпаздарға тұрақты демеушілердің атынан ақшалай сыйлықтар табысталды.

 

***Ақпарат pavlodarnews.kz сайтынан алынды***

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-50-ge-zhuy-sh-kirt-ran-k-rim-men-arab-tilinen-zharys-a-atysty-694994](https://yvision.kz/kk/post/pavlodarda-50-ge-zhuy-sh-kirt-ran-k-rim-men-arab-tilinen-zharys-a-atysty-694994)