---
title: "Павлодар облысының Трамвай басқармасында бос орындар жәрмеңкесі өтті."
description: "Павлодар қаласында орта-арнайы және жоғары оқу орындарының түлектері үшін бос жұмыс орындары жәрмеңк..."
author: "CRMI"
published: "2016-07-13T22:26:58+00:00"
modified: "2016-07-13T22:26:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysyny-tramvay-bas-armasynda-bos-oryndar-zh-rme-kesi-tti-702223"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysyny-tramvay-bas-armasynda-bos-oryndar-zh-rme-kesi-tti-702223/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Павлодар облысының Трамвай басқармасында бос орындар жәрмеңкесі өтті.

> Павлодар қаласында орта-арнайы және жоғары оқу орындарының түлектері үшін бос жұмыс орындары жәрмеңк...

Павлодар қаласында орта-арнайы және жоғары оқу орындарының түлектері үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ерекше жерде – Трамвай басқармасында өтті.

Инженер-металлург, электромеханик, инженер-құрылысшы, бухгалтер сияқты мамандықтардың түлектеріжұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы бірден әңгімелесуге шақырылды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/DcJ9mPx1wDEFJxI0F5SAMbBhS8Z68y.jpg)

Жұмысқа орналасу үшін 7 адамға бос орындар бар, сондықтан, егер жұмыс орны болса, бірден жұмыс берушіге бару керек, - деп атап көрсетті Лариса Кузьменкова,«Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің басшы орынбасары.

Сонымен қатар, " Павлодар қаласының Трамвай басқармасы " АҚ өкілі бос жұмыс орындарының тізімін ұсынып, әкімшілік лауазымдар мен кәсіптердің 78 бос жұмыс орнын атады. Солардың ішіндегі сұранысы көп мамандықтар - электрослесарь, дәнекерлеуші, слесарь ,монтер, кондуктор, трамвай жүргізушісі.

Осы жәрмеңкеге Жастар бастамаларын дамыту орталығының инспекторлары да қатысып, 1000-нан аса бос жұмыс орындарын ұсынды. Көптеген жас мамандарды тек қана диплом бойынша алған мамандықтары қызықтырды.

Сондай-ақ, бүгін қаламызда Халыққа қызмет көрсету орталығында тағы бір мамандандырылған, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.Бұл жәрмеңкеде Жастарға қызмет көрсету орталығының қызметкерлері жұмысқа орналасу туралы кеңестер берді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/124VbH079P5Y6cagZO1VAr4L3aHrFm.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysyny-tramvay-bas-armasynda-bos-oryndar-zh-rme-kesi-tti-702223](https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysyny-tramvay-bas-armasynda-bos-oryndar-zh-rme-kesi-tti-702223)