---
title: "Павлодар облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «Ашық есік күні» өтті"
description: "Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде, қалалық және аудандық тұтынушылард..."
author: "KZPP"
published: "2015-01-20T05:18:49+00:00"
modified: "2015-01-20T05:18:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynda-t-tynushylardy-y-taryn-or-au-m-seleleri-boyynsha-ashy-esik-k-ni-tti-462044"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynda-t-tynushylardy-y-taryn-or-au-m-seleleri-boyynsha-ashy-esik-k-ni-tti-462044/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Павлодар облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «Ашық есік күні» өтті

> Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде, қалалық және аудандық тұтынушылард...

Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде, қалалық және аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларында қоғамдық бірлестіктері, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы және Сауда-өнеркәсіп палатасы өкілдерінің қатысуымен «Ашық есік күндері» өтті.

Сапасыз тауарды сатып алу (тапсырыс бойынша перде тіккізу, автокөліктің қосалқы бөлшектері дүкенінен ақауы бар тауарды сатып алу), тауар чегін беруден бас тарту, қызмет көрсетуші персоналдың дөрекі қарым-қатынасы сияқты мәселелері бойынша барлығы 30 келуші жүгінді.

Келушілерге сотқа дейінгі реттеу талап-арызын дайындау немесе сотқа өтініш жазу бойынша консультативтік-құқықтық көмек көрсетілді, тапсырыс берілген тауарға енгізілген сома бойынша сатушының фискалді чек бермеу фактісі бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына өтініш беруге көмек көрсетілді. Келушілер сондай-ақ базарда сатылатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды ұсыну, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және басқа да мәселелер бойынша консультациялар алды. «Ашық есік күндері» жұмысының нәтижелері тұтынушылардың өз құқықтарын білмеуі негізгі проблема болып қалып отырғанын көрсетті.

Халық арасында тұтынушылардың заңды құқықтарын қорғау саласында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмысы тұтынушылардың өз құқықтарын қорғау бойынша азаматтық ұстанымын арттыруға бағытталған, бұл өз кезегінде өнімнің (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасын және оның қауіпсіздігін арттыруға ықпал ететін болады.

![Павлодар облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «Ашық есік күні» өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/kzpp/WbkjQmn1Y1zFPyh0J7KVdX8Ct8pIPc.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynda-t-tynushylardy-y-taryn-or-au-m-seleleri-boyynsha-ashy-esik-k-ni-tti-462044](https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynda-t-tynushylardy-y-taryn-or-au-m-seleleri-boyynsha-ashy-esik-k-ni-tti-462044)