---
title: "Павлодар облысында құтқарушылар мінген автобус опырылған шұңқырға түсіп кетті"
description: "Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы «Майқайың-алтын» АҚ шахтасының жанында топырақ опырылды...."
author: "orazali"
published: "2024-01-04T07:10:09+00:00"
modified: "2024-01-04T08:01:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynda-t-arushylar-mingen-avtobus-opyryl-an-sh-yr-a-t-sip-ketti-999540"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynda-t-arushylar-mingen-avtobus-opyryl-an-sh-yr-a-t-sip-ketti-999540/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Павлодар облысында құтқарушылар мінген автобус опырылған шұңқырға түсіп кетті

> Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы «Майқайың-алтын» АҚ шахтасының жанында топырақ опырылды....

Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы «Майқайың-алтын» АҚ шахтасының жанында топырақ опырылды. Салдарынан ішінде 4 жолаушы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кетті.

Қазір опырылған жердің тереңдігі — 150 метр, ұзындығы — 150-200 метр, ені — жарты шақырым деп шамаланып отыр. Апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Автобус жер астына 4 қаңтар түнгі сағат 01:25 шамасында құлаған.

Оның ішінде құтқарушылар мен жүргізуші болды.

Жедел штаб құрылып, оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың басшылығы жүр.

Психологтар жұмыс істеуде.

Құтқару жұмысына 40-тан астам адам, 13 техника және дрон жұмылдырылған.

https://kaz.inform.kz/

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynda-t-arushylar-mingen-avtobus-opyryl-an-sh-yr-a-t-sip-ketti-999540](https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynda-t-arushylar-mingen-avtobus-opyryl-an-sh-yr-a-t-sip-ketti-999540)