---
title: "Павлодар облысында мамандар «жер жұтып» кеткен автобустың орнын шамалады"
description: "Павлодар облысындағы «Майқайың-алтын» АҚ аумағында ойыққа түсіп кеткен автобустың жатқан жері..."
author: "jan.123"
published: "2024-01-07T12:58:43+00:00"
modified: "2024-01-07T13:06:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynda-mamandar-zher-zh-typ-ketken-avtobusty-ornyn-shamalady-999630"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynda-mamandar-zher-zh-typ-ketken-avtobusty-ornyn-shamalady-999630/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Павлодар облысында мамандар «жер жұтып» кеткен автобустың орнын шамалады

> Павлодар облысындағы «Майқайың-алтын» АҚ аумағында ойыққа түсіп кеткен автобустың жатқан жері...

Павлодар облысындағы «Майқайың-алтын» АҚ аумағында ойыққа түсіп кеткен автобустың жатқан жері сканер арқылы шамамен анықталғандай. Мамандар геологиялық радармен сканерлеу барысында техниканың 5 метр тереңдікте жатуы мүмкін екенін айтқан.

![Павлодар облысында мамандар «жер жұтып» кеткен автобустың орнын шамалады](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/a18ff03866e94a350c0b9820f79ec4.jpg)

«Мамандар арнайы сканермен ойық түбіне түсіп, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Геологиялық сканердің деректері ойық түбіндегі топырақта 5 метр тереңдікте металл тәріздес заттың жатқанын анықтады. Автобус сол жерде болуы мүмкін. Ойық шетіндегі топырақтар әлі сусылдап, төмен сырғып жатыр», - деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Бүгін төтеншеліктер М айқайыңда ойыққа түсіп кеткен автобусты Балқаш қаласынан әкелінген геологиялық сканермен іздеуге кіріскен болатын. Енді соның алдын ала нәтижелері айтылып жатыр.

Айта кетейік, Баянауыл ауданындағы «Майқайың-алтын» АҚ кенішінің аумағында жер опырылып, тереңдігі 150 метрлік шұңқырға автобус құлап, ары қарай ойыққа түсіп кеткен еді. Көлікте төрт адам (жүргізуші мен 3 құтқарушы) болған. Екі құтқарушының денелері табылды. Ал бір құтқарушы мен жүргізуші әлі іздестірілуде.

kaz.inform.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynda-mamandar-zher-zh-typ-ketken-avtobusty-ornyn-shamalady-999630](https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynda-mamandar-zher-zh-typ-ketken-avtobusty-ornyn-shamalady-999630)