---
title: "Павлодар облысында екі оқушы скутермен ауыр көлікке..."
description: "Екеуі де тоғызыншы сынып оқушылары болған. Жасөспірімдер отырған скутер Қарабай ауылына жақын маңда, Кенжекөл - Ақсу автожолында КамАЗ-ға соғылыпты. Tipavlo телеграм-арнасының жазуынша, екі оқушы Ақсу қаласынан шығып келе жатқан. Олар мінген скутер..."
author: "orazali"
published: "2024-06-06T03:45:51+00:00"
modified: "2024-06-06T03:46:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynda-eki-o-ushy-skutermen-auyr-k-likke-so-ylyp-aza-tapty-1005346"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynda-eki-o-ushy-skutermen-auyr-k-likke-so-ylyp-aza-tapty-1005346/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Павлодар облысында екі оқушы скутермен ауыр көлікке...

> Екеуі де тоғызыншы сынып оқушылары болған. Жасөспірімдер отырған скутер Қарабай ауылына жақын маңда, Кенжекөл - Ақсу автожолында КамАЗ-ға соғылыпты. Tipavlo телеграм-арнасының жазуынша, екі оқушы Ақсу қаласынан шығып келе жатқан. Олар мінген скутер...

*Екеуі де тоғызыншы сынып оқушылары болған.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/e7c06ff59e5c9a2b889e4b535f224b.jpg)

Жасөспірімдер отырған скутер Қарабай ауылына жақын маңда, Кенжекөл - Ақсу автожолында КамАЗ-ға соғылыпты.

[Tipavlo](https://web.telegram.org/a/#-1001270840304) телеграм-арнасының жазуынша, екі оқушы Ақсу қаласынан шығып келе жатқан. Олар мінген скутер жолдың оң жақ жолағында тұрған жүк көлігіне қатты келіп соғылады. Жүргізушісі КамАЗ-ды айналып өтуге үлгермепті. Желі қолданушылары жүк көлігі "ҚазАвтоЖол" ЖШС-на тиісілі деп жазған.

Скутердің 15 жасар жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Ал жүргізушісінің аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмғаны айтылуда. Ол да 15 жаста болған.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynda-eki-o-ushy-skutermen-auyr-k-likke-so-ylyp-aza-tapty-1005346](https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynda-eki-o-ushy-skutermen-auyr-k-likke-so-ylyp-aza-tapty-1005346)