---
title: "Павлодар облысында дәу шұңқырға түсіп кеткен автобустағы адамдар бүгін де табылмай жатыр"
description: "Баянауыл ауданындағы «Майқайың-алтын» АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр...."
author: "orazali"
published: "2024-01-05T04:53:06+00:00"
modified: "2024-01-05T04:57:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynda-d-u-sh-yr-a-t-sip-ketken-avtobusta-y-adamdar-b-gin-de-tabylmay-zhatyr-999573"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynda-d-u-sh-yr-a-t-sip-ketken-avtobusta-y-adamdar-b-gin-de-tabylmay-zhatyr-999573/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Павлодар облысында дәу шұңқырға түсіп кеткен автобустағы адамдар бүгін де табылмай жатыр

> Баянауыл ауданындағы «Майқайың-алтын» АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр....

*Баянауыл ауданындағы «Майқайың-алтын» АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.*

![Павлодар облысында дәу шұңқырға түсіп кеткен автобустағы адамдар бүгін де табылмай жатыр](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/c47bc00994d7c9f841bd441d44de6a.jpg)

Опырылған жерде әлі де топырақ сырғып түсіп жатыр. Сондықтан шұңқыр аумағы кеңейе түсуі мүмкін.

Құтқарушылар жоғары қауіпті режимде жұмыс істеуде. Оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов пен ТЖ вице-министрі Мереке Пішембаев бар.

Іздеу жұмыстарына Астана қаласы мен Павлодар облысы ТЖД кинологтары тартылды.

Оқиға орнында барлығы 97 адам, 103 қызметі бөлімшелерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың 23 техникасы жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, кеше «Майқайыңалтын» кен орнында ойық маңындағы топырақ опырылып, 4 адам мінген автобус жердің астына түсіп кеткен болатын.

Кейін оқиға орнынан екі адамның денесі табылды.

Кешкісін табылғандардың кімдер екені белгілі болды.

kaz.inform.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynda-d-u-sh-yr-a-t-sip-ketken-avtobusta-y-adamdar-b-gin-de-tabylmay-zhatyr-999573](https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynda-d-u-sh-yr-a-t-sip-ketken-avtobusta-y-adamdar-b-gin-de-tabylmay-zhatyr-999573)