---
title: "Павлодар облысында бензин мен дизель отыны заңсыз сатылған"
description: "«Тергеу барысында 15 көтерме жеткізушіден 610 миллион теңгеден аса сомаға 3,5 мың тонна АИ-92 маркал..."
author: "usergoogle106130794574359253877"
published: "2022-08-09T06:22:58+00:00"
modified: "2022-08-09T06:22:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynda-benzin-men-dizel-otyny-za-syz-satyl-an-972795"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynda-benzin-men-dizel-otyny-za-syz-satyl-an-972795/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Павлодар облысында бензин мен дизель отыны заңсыз сатылған

> «Тергеу барысында 15 көтерме жеткізушіден 610 миллион теңгеден аса сомаға 3,5 мың тонна АИ-92 маркал...

«Тергеу барысында 15 көтерме жеткізушіден 610 миллион теңгеден аса сомаға 3,5 мың тонна АИ-92 маркалы бензин сатып алу фактісі анықталды, ол кейіннен белгісіз тұлғаларға «Унгефуг» ЖШС-дан құжаттарсыз сатылған. Дәл осы ЖШС құжатсыз жалпы сомасы 550 миллион теңгеден аса жалпы көлемі 2,4 мың тонна дизель отынын сатқан», - делінген хабарламада.

Сот айыпталушыларға қатысты үкім шығарды.

«Сот Ж.С. Шұғатаевты 6 жылға, С.Г. Унгефугты 4 жыл 6 айға, Е.Х. Шамиевті 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруға, 3 көлік пен 3 жартылай жүк тіркемелерін тәркілеуге үкім шығарды», - делінген ҚМА хабарламасында.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynda-benzin-men-dizel-otyny-za-syz-satyl-an-972795](https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynda-benzin-men-dizel-otyny-za-syz-satyl-an-972795)