---
title: "Павлодар облысында қаза тапқан балықшылардың денелері..."
description: "Павлодар облысының құтқарушылары судан қаза тапқан балықшылардың денелерін алып шықты. 22 наурызда 20-33 Екібастұз қаласында, ГРЭС-2 ауданында, \"Шандықсор\" жасанды су айдынында 1978 және 1976 жылы туған ер адамдар жеке көліктерімен мұз астына..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-03-23T10:29:21+00:00"
modified: "2024-03-23T10:29:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynda-aza-tap-an-baly-shylardy-deneleri-sudan-shy-aryldy-1002571"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynda-aza-tap-an-baly-shylardy-deneleri-sudan-shy-aryldy-1002571/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Павлодар облысында қаза тапқан балықшылардың денелері...

> Павлодар облысының құтқарушылары судан қаза тапқан балықшылардың денелерін алып шықты. 22 наурызда 20-33 Екібастұз қаласында, ГРЭС-2 ауданында, "Шандықсор" жасанды су айдынында 1978 және 1976 жылы туған ер адамдар жеке көліктерімен мұз астына...

Павлодар облысының құтқарушылары судан қаза тапқан балықшылардың денелерін алып шықты.

![Павлодар облысында қаза тапқан балықшылардың денелері...](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/02f5e9b48ec285eedf61be8a3e5e1e.jpg)

22 наурызда 20-33 Екібастұз қаласында, ГРЭС-2 ауданында, "Шандықсор" жасанды су айдынында 1978 және 1976 жылы туған ер адамдар жеке көліктерімен мұз астына кетіп қалғаны туралы хабар келіп түсті. Ер адамдар балық аулауға Павлодардан келгені белгілі. Көлік жағадан 700-800 метр қашықтықта батып кетті. 23 наурызда сағат 07:20-да Екібастұз қаласының құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. 7 адам, 2 бірлік техника және 1 жүзу құралы жұмылдырылды. Құтқарушылардың күшімен балықшылардың денелері судан шығарылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynda-aza-tap-an-baly-shylardy-deneleri-sudan-shy-aryldy-1002571](https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynda-aza-tap-an-baly-shylardy-deneleri-sudan-shy-aryldy-1002571)