---
title: "Павлодар облысында 5 млрд теңгенің жайылым жерлері..."
description: "Аққулы ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау арқылы пайдаланылмай жатқан немесе заң бұзушылықпен пайдаланылған 36 мың га ауыл шаруашылығы жерлерін анықтады. Фото: gov.kz Кейбір жағдайларда егістік жерлер жылдар бойы..."
author: "jan.123"
published: "2024-06-06T06:32:48+00:00"
modified: "2024-06-06T06:32:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynda-5-mlrd-te-geni-zhayylym-zherleri-haly-a-aytaryldy-1005356"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynda-5-mlrd-te-geni-zhayylym-zherleri-haly-a-aytaryldy-1005356/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Павлодар облысында 5 млрд теңгенің жайылым жерлері...

> Аққулы ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау арқылы пайдаланылмай жатқан немесе заң бұзушылықпен пайдаланылған 36 мың га ауыл шаруашылығы жерлерін анықтады. Фото: gov.kz Кейбір жағдайларда егістік жерлер жылдар бойы...

*Аққулы ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау арқылы пайдаланылмай жатқан немесе заң бұзушылықпен пайдаланылған 36 мың га ауыл шаруашылығы жерлерін анықтады.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/d60821831096d9e2c1ba7fcec92411.jpg)

*Фото: gov.kz*

Кейбір жағдайларда егістік жерлер жылдар бойы бос тұрып, жайылым пайдаланушылар атында бірде-бір мал тіркелмеген.

Елді мекендердің 24 мың га жуық жері шаруашылық жүргізуші субъектілердің пайдалануына заңсыз берілген.

Прокуратураның актісі бойынша тапшылықты азайту үшін бір айдан аз уақыт ішінде кадастрлық құны 5 млрд теңге болатын 4 мың гектардан астам жайылым халыққа қайтарылды.

Он жер пайдаланушы мақсатты пайдалануға кірісті.

Әрекетсіздігі үшін аумақтық жер қатынастары бөлімінің басшысы тәртіптік жазаға тартылды.

**Павлодар облысының прокуратурасы**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynda-5-mlrd-te-geni-zhayylym-zherleri-haly-a-aytaryldy-1005356](https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynda-5-mlrd-te-geni-zhayylym-zherleri-haly-a-aytaryldy-1005356)