---
title: "Павлодар облысынан қысқы Универсиадаға кімдер қатысады?"
description: "Санаулы күндерден кейін жалауын желбірететін қысқы Универсиадаға Павлодар облысынан 10 спортыш қатыс..."
author: "CRMI"
published: "2017-01-20T04:10:25+00:00"
modified: "2017-01-20T04:11:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynan-ys-y-universiada-a-kimder-atysady-750741"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynan-ys-y-universiada-a-kimder-atysady-750741/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Павлодар облысынан қысқы Универсиадаға кімдер қатысады?

> Санаулы күндерден кейін жалауын желбірететін қысқы Универсиадаға Павлодар облысынан 10 спортыш қатыс...

Санаулы күндерден кейін жалауын желбірететін қысқы Универсиадаға Павлодар облысынан 10 спортыш қатысады. Олар әлемдік додаларда ел намысын абыроймен қорғап жүрген сайыпқырандар. Ендеше таныс болыңыздар, жанкүйер болыңыздар!

Максим БРАУН – 1993 жылы 16 сәуірде Павлодар қаласында дүниеге келген. Биатлоннан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2015 жылы Испания мен Словакияда қатар өткен ХХVII қысқы Универсиаданың аралас эстафетасында күміс жүлдегер атанды.

![Павлодар облысынан қысқы Универсиадаға кімдер қатысады?](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/7Gyl06n0lA3r9A0pj6SX5DaDCbPEuP.jpg)

Дарья РЯЖО – 1995 жылы 11 қыркүйекте дүниеге келді. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының студенті. Шаңғы спортынан спорт шебері. Жастар арасында Қазақстан чемпионы (2012 жыл).

![Павлодар облысынан қысқы Универсиадаға кімдер қатысады?](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/HraYPas5o5noxs2PSa7vl5l97LMf72.jpg)

Владимир ГРЕБЕНЩИКОВ – 1992 жылы 20 қарашада дүиеге келген. Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі.

![Павлодар облысынан қысқы Универсиадаға кімдер қатысады?](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/F016k43MP5QTl7f5V8j9yMgdrPIw53.jpg)

Михаил РАХМАНОВ – 1992 жылы 27 мамырда дүниеге келді. Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғайды. Ел чемпионатындағы үздік сұр мергендердің бірі.

![Павлодар облысынан қысқы Универсиадаға кімдер қатысады?](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/zFp3n6JwU9etXkzvl1ajS50skxM56E.jpg)

Ирина БЫКОВА – 1993 жылы 6 шілдеде дүниеге келген. Шаңғы спортынан спорт шебері.

![Павлодар облысынан қысқы Универсиадаға кімдер қатысады?](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/pxckyKQd8prlSzHKWyZcjA8guXhEvn.jpg)

Дарья УСАНОВА – 1989 жылы 6 қыркүйекте дүниеге келген. Биатлоннан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2014 жылы Сочи Олимпиадасында ел намысын қорғаған.

![Павлодар облысынан қысқы Универсиадаға кімдер қатысады?](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/971WSUOS0XP53Vxs2pBGU02O6ZlTB6.jpg)

Тимур КУЦ – 1995 жылы 9 мамырда дүниеге келген. Биатлоннан спорт шебері.

![Павлодар облысынан қысқы Универсиадаға кімдер қатысады?](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/elgpD1WnSJNfUX4y903LA8a1dZ6LH3.jpg)

Антон ПАНТОВ – 1991 жылы 25 наурызда дүниеге келген. Биатлоннан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2014 жылы Сочи Олимпиадасында ел намысын қорғаған.

![Павлодар облысынан қысқы Универсиадаға кімдер қатысады?](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/25eFxtszlDap1dvPUWEs4vivun2C7Z.jpg)

Александра САСИНА – 1993 жылы 8 сәуірде дүниеге келген. Биатлоннан спорт шебері.

![Павлодар облысынан қысқы Универсиадаға кімдер қатысады?](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/jij01o6B3dMPemb3gj9nQL06rhe6iF.jpg)

Анна ШЕВЧЕНКО – 1993 жылы 4 тамызда дүниеге келді. Шаңғы жарысынан спорт шебері.

![Павлодар облысынан қысқы Универсиадаға кімдер қатысады?](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/me2TxDOUv368Cch03TxZvLvaSLXxjT.jpg)

Алтынбек Мақсатхан

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynan-ys-y-universiada-a-kimder-atysady-750741](https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysynan-ys-y-universiada-a-kimder-atysady-750741)