---
title: "Павлодар облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті ұжымында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды"
description: "Павлодар облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қ..."
author: "KZPP"
published: "2015-01-08T03:20:02+00:00"
modified: "2015-01-08T03:20:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysy-t-tynushylardy-y-taryn-or-au-departamenti-zhymynda-prezidentti-aza-stan-hal-yna-zhol-457544"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysy-t-tynushylardy-y-taryn-or-au-departamenti-zhymynda-prezidentti-aza-stan-hal-yna-zhol-457544/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Павлодар облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті ұжымында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды

> Павлодар облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қ...

Павлодар облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша кеңес болып өтті.

Департамент ұжымы ел Президенті қойған бірінші кезектегі міндеттерді үлкен ықыласпен қолдады. Кеңесте ел экономикасының таяу жылдардағы өсімінің қозғаушы күші болатын, нәтижесінде әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты мен өмір сапасында көрініс табатын «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаттың маңыздылығы атап өтілді.

![Павлодар облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті ұжымында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды](https://storage.yvision.kz/images/user/kzpp/ul4t6ETftzdQD1qatFph66SmUH8EhH.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysy-t-tynushylardy-y-taryn-or-au-departamenti-zhymynda-prezidentti-aza-stan-hal-yna-zhol-457544](https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-oblysy-t-tynushylardy-y-taryn-or-au-departamenti-zhymynda-prezidentti-aza-stan-hal-yna-zhol-457544)