---
title: "Павлодар қаласында «Жас Барыс» республикалық турнирі өтеді"
description: "2014 жылғы 5-7 қараша күндері Павлодар қаласында «Жас Барыс» ІІІ республикалық турнирі өтеді. Бұл..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-11-04T01:21:55+00:00"
modified: "2014-11-04T01:21:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-alasynda-zhas-barys-respublikaly-turniri-tedi-437526"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-alasynda-zhas-barys-respublikaly-turniri-tedi-437526/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Павлодар қаласында «Жас Барыс» республикалық турнирі өтеді

> 2014 жылғы 5-7 қараша күндері Павлодар қаласында «Жас Барыс» ІІІ республикалық турнирі өтеді. Бұл...

[!\[Павлодар қаласында «Жас Барыс» республикалық турнирі өтеді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/11/20140922162015-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/11/20140922162015.jpg)

2014 жылғы 5-7 қараша күндері Павлодар қаласында «Жас Барыс» ІІІ республикалық турнирі өтеді. Бұл туралы ҚР қазақ күресі феерациясынан хабарлады.

Бұл жарысқа Қазақстанның 14 облысынан және Алматы, Астана қалаларынан 400-ге жуық жас балуандар қатысады. Іріктеу сындарын әр өңірде облыстық қазақ күресі федерациясы мен жергілікті денешынықтыру және спорт басқармалары өткізді. «Жас Барыс» республикалық турнирінің ақтық сынына қатысушы балалар, жасөспірімдер мен жастар — қалалық және облыстық деңгейде жеңімпаз атанған балуандар. Турнирге қатысушылар жас ерекшеліктері бойынша үш топқа бөлініп өнер көрсетеді: 14-15 жасқа дейінгілер арасында 38, 42, 46, 50, 55, 60, 66, 73 және +73 келі салмақ дәрежелерінде; 16-17 жасқа дейінгілер арасында 46, 51, 57, 64, 72, 81 және +81 келі; 18-19 жасқа дейінгілер арасында 55, 60, 70, 80, 90, +90 келі салмақ санаттарында сайысқа түседі. «Жас Барыс» турнирі Павлодар қаласындағы «Баянтау» спорт кешенінде өтеді. Бұл шараны ұйымдастырушылар — ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР қазақ күресі федерациясы, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры.

Басты сөздер: [Павлодар облысы](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/264) , [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-alasynda-zhas-barys-respublikaly-turniri-tedi-437526](https://yvision.kz/kk/post/pavlodar-alasynda-zhas-barys-respublikaly-turniri-tedi-437526)