---
title: "Патронаттық ата-аналарға кеңес беру бөлімшелері"
description: "Біз шілде айында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың деректер базасының (http:/..."
author: "MON_RK"
published: "2016-11-28T00:11:29+00:00"
modified: "2016-11-28T00:11:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/patronatty-ata-analar-a-ke-es-beru-b-limsheleri-731054"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/patronatty-ata-analar-a-ke-es-beru-b-limsheleri-731054/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Патронаттық ата-аналарға кеңес беру бөлімшелері

> Біз шілде айында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың деректер базасының (http:/...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/9WC7vibm18cOEoZf83J7VbBZK7QOe6.jpg) Біз шілде айында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың деректер базасының ([http://www.bala-kkk.kz/ru/node/578](https://vk.com/away.php?to=http%3A%2F%2Fwww.bala-kkk.kz%2Fru%2Fnode%2F578&post=-120804658_714)) іске қосылуына байланысты асырап алатын балаларды іздеу процессінің біраз жылдамдағанын бұған дейін жазған болатынбыз.

Асырап алу – бала үшін де, болашақ ата-аналар үшін де күрделі мәселелердің бірі. Отбасына келмес бұрын болашақ ата-ана баламен, сәйкесінше – бала да асырап алушы ата-анасымен танысып, қарым-қатынас жасауы керек. Олардың арасындағы танысу кезеңі 2-ден 6 аптаға дейін, бір-біріне үйренісіп, бауыр басқанша созылуы мүмкін.

Бала асырап алу барысында туындауы ықтимал түрлі қиындықтарға дайын болу мақсатында еліміздің 17 қалаласында мемемлекттік емес ұйымдармен бірлесіп патронаттық ата-аналарға кеңес беру бөлімшелері ашылды. Онда ата-аналарға психологтар мен мамандар кәсіби қолдау көрсетуге дайын. Баламен қарым-қатынас кезінде туындаған кез-келген түсініспеушілік жағдайында ата-аналар кеңес беру бөлімшелеріне хабарласып, психологиялық және моральдық қолдау табады. Жоғарыда айтылған орталықтардан бөлек, елімізде бірыңғай сall-орталығы (1422) қызмет көрсетеді. Бұл қызметтің мамандары бала асырап алғысы келген әрбір адамға пайдалы нұсқаулар мен қажетті кеңестер береді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/patronatty-ata-analar-a-ke-es-beru-b-limsheleri-731054](https://yvision.kz/kk/post/patronatty-ata-analar-a-ke-es-beru-b-limsheleri-731054)