---
title: "Партия көшбасшыларын анықтайтын жаңа мүмкіндік!"
description: "Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаев биылғы 17 тамыздан 3 қазанға дейінгі аралықта партияішілік таңда..."
author: "News-Aktau"
published: "2020-06-08T12:15:59+00:00"
modified: "2020-06-08T12:15:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/partiya-k-shbasshylaryn-any-taytyn-zha-a-m-mkindik-858733"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/partiya-k-shbasshylaryn-any-taytyn-zha-a-m-mkindik-858733/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Партия көшбасшыларын анықтайтын жаңа мүмкіндік!

> Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаев биылғы 17 тамыздан 3 қазанға дейінгі аралықта партияішілік таңда...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/430096/de50b69d99aeef4ffb5dc871dc0c73.jpg)

Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаев биылғы 17 тамыздан 3 қазанға дейінгі аралықта партияішілік таңдау – праймериз өткізу туралы Қаулыға қол қойғаны бәрімізге мәлім. Бұл құжат партия үшін өте маңызды, әрі партияның жаңа буынының қалыптасуына, ел арасында көшбасшыларды анықтап, оларды шыңдауға мүмкіндік береді. Праймериздің негізгі ережесін оқып, таныстым. Партияның праймеризі жақында өзгерістер мен толықтырулар енгізілген негізгі заң талаптарына сәйкес, бұл дегеніміз партия праймеризі нормативтік құқықтық актілеріне сай жүргізіліп отыр. Праймериз билік партиясының өзі қоғамға жақын болуына, оның мұң-мұқтажын терең сезінуіне тамаша мүмкіндік береді. Сондай-ақ тиісті кадраларды іріктеуде жариялылық пен ашықтық қамтамасыз етілмек, тиісінше партияға ел ішінде сенім де оянады. Сондықтан Сізді де ел жанашыры ретінде праймеризге қатысып, өзіңіздің кәсіби біліктіліктеріңізді көрсетуге шақырамын.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/partiya-k-shbasshylaryn-any-taytyn-zha-a-m-mkindik-858733](https://yvision.kz/kk/post/partiya-k-shbasshylaryn-any-taytyn-zha-a-m-mkindik-858733)