---
title: "«Парламенттік тыңдау» ойыны"
description: "Ағымдағы жылдың 11 наурыз күні Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-03-14T03:02:50+00:00"
modified: "2015-03-14T03:28:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/parlamenttik-ty-dau-oyyny-481981"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/parlamenttik-ty-dau-oyyny-481981/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Парламенттік тыңдау» ойыны

> Ағымдағы жылдың 11 наурыз күні Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы ...

![«Парламенттік тыңдау» ойыны](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/xIpqJLA97Fg6Oj8dys38oMBp6Rpu1a.jpg)

![«Парламенттік тыңдау» ойыны](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/dgHr48h39mH6Zj9mJLHLgSm8p0qZ92.jpg)

![«Парламенттік тыңдау» ойыны](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/O3s54V5cwlhuM5sRNO1iUkCpVFr43I.jpg)

![«Парламенттік тыңдау» ойыны](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/Aljao0zK5wKT9agx9nJ4IB2ROqC1Cp.jpg)

Ағымдағы жылдың 11 наурыз күні Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген«ҚР 2015**-**2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» жүзеге асыру мақсатында Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі бір күнін **«Жастар жемқорлыққа қарсы»** тақырыбына арнады.

Класстарда шетелдік мұғалімдердің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған сабақтар өткізіліп, дәліз экрандарында бейнероликтер көрсетілсе, үзіліс уақытында activity ұйымдастырылды.

Шара аясында Департамент қызметкерлерінің қатысуымен физика**-**математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі және дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп**-**интернат кешені оқушыларынан құралған топтар арасында **«Парламенттік тыңдау»** ойыны ұйымдастырылды. Мақсаты – оқушылардың сөйлеу шеберліктерін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру. Парламенттік тыңдау мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде өтті, өйткені Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Үш тілді білу біздің қоғамымыздың күнделікті ісіне айналу» керек деген болатын. Қатысушылар өз ойларын еркін айтып, олар өз дәйектерін кез келген үш тілде де жеткізе білді, олар бір тілден екінші тілге еркін ауысып отырды. Бұл үш тұғырлы тіл мәселесінің қоғам үшін күнделікті көрініске айналатынын көрсетеді. Олардың дайындаған жобаларында жемқорлықпен күресуге барлық азаматтарды қатыстыру, мас-медиа ролі, жемқорлыққа қарсы сауаттандыру, қазіргі заманғы технологияларды қолдану, заңнаманы күшейту, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және әр адамның тәрбиелік мәселесіне байсалды қарау көрсетілді.

«Парламенттік тыңдауды» скайп арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі өкілі Н.Әбілдинова тамашалап, соңында өз пікірін білдірді.

Рефлексияда қатысушыларға өз замандастарына үндеу жолдау және аталған шараға ұқсас тәжірибені жалғастыру ұсынылды.

Шара соңында Департамент басшысы Ә.Әшірбаев шараны қорытындылап, үздіктерді алғыс хаттармен марапаттады

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/parlamenttik-ty-dau-oyyny-481981](https://yvision.kz/kk/post/parlamenttik-ty-dau-oyyny-481981)