---
title: "Парламент пен Үкімет қызметі тек мемлекеттік тілде жүргізілуге тиіс – Назарбаев"
description: "Қазақстан Президенті Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдады, деп хабарлайды ..."
author: "Zhanalyktar"
published: "2018-02-26T15:40:26+00:00"
modified: "2018-02-26T15:40:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/parlament-pen-kimet-yzmeti-tek-memlekettik-tilde-zh-rgiziluge-tiis-nazarbaev-797966"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/parlament-pen-kimet-yzmeti-tek-memlekettik-tilde-zh-rgiziluge-tiis-nazarbaev-797966/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Парламент пен Үкімет қызметі тек мемлекеттік тілде жүргізілуге тиіс – Назарбаев

> Қазақстан Президенті Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдады, деп хабарлайды ...

{"blocks":[{"key":"dqfne","text":"Қазақстан Президенті Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдады, деп хабарлайды Today.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.\n","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[{"offset":100,"length":8,"style":"BOLD"},{"offset":109,"length":9,"style":"BOLD"},{"offset":100,"length":8,"style":"UNDERLINE"},{"offset":109,"length":9,"style":"UNDERLINE"}],"entityRanges":[{"offset":100,"length":8,"key":0},{"offset":109,"length":9,"key":1}],"data":{}},{"key":"9g53h","text":"Кездесу барысында Мемлекет басшысына \"Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері\" атты жолдау аясында қойылған міндеттердің іске асырылу барысы жөнінде мәлімделді.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"6tjts","text":"Елбасы инновациялар мен жаңа технологияларды енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру, сондай-ақ бұл үрдіске \"Қазақстандағы 100 жаңа есім\" жобасына қатысушылардың креативті әлеуетін пайдалану қажет екенін атап өтті.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"1b5ip","text":"Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін латын қарпіне көшіру мәселесіне тоқталып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған шаралар қабылдаудың маңыздылығын айтты.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"917ev","text":"\"Халқымыз үшін латын қарпіне көшу үдерісінің тарихи мәні зор. Сонымен бірге, қазақ тілінің мәртебесін арттыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет. Парламент пен Үкіметтің қызметі тек мемлекеттік тілде жүргізілуге тиіс. Сондай-ақ, бұл мәселе бойынша азаматтардың құқығын шектеуге болмайды. Олар үшін ілеспе аударма жасау мүмкіндігін қарастырған жөн\", – деді Қазақстан Президенті.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"fv1dm","text":"Мемлекет басшысы латын қарпіне кезең-кезеңмен көшудің маңыздылығын айтып, қазақ тілін үйрету әдістемелерін жетілдіру мәселелерін жан-жақты зерттеуді тапсырды.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"ee8a3","text":"Бұдан бөлек, Елбасы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттігін арттыру мәселелеріне назар аударды.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"rchb","text":"Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің телеарналарындағы сериялық өнімдердің сапасын арттыру қажеттігіне тоқталып, масс-медиа жастарға патриоттық тәрбие беру ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"ba6ja","text":"Кездесу барысында Дәурен Абаев Қазақстан Президентіне \"Цифрлық Қазақстан\" бағдарламасын іске асыру жоспары туралы баяндап, оның басым бағыттарын түсіндіруге байланысты шаралар жөнінде мәлімет берді.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"81g8t","text":"\"Біз \"Цифрлық Қазақстан\" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастырудамыз. Жалпы, бағдарлама аясында 120 бірлескен іс-шара көзделген, оның жиырмасы биыл орындалатын болады\", – деді Ақпарат және коммуникациялар министрі.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"3qcvp","text":"Сондай-ақ, Д.Абаев Нұрсұлтан Назарбаевқа \"Астана ЭКСПО-2017\" көрме кешені инфрақұрылымының базасында құрылған \"Astana Hub\" халықаралық технопаркі жұмысының басталғанын мәлімдеді.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"90kv6","text":"Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}}],"entityMap":{"0":{"type":"LINK","mutability":"MUTABLE","data":{"href":"http://today.kz/kz/","target":"_blank","url":"http://today.kz/kz/"}},"1":{"type":"LINK","mutability":"MUTABLE","data":{"href":"http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/meetings_and_receptions/kazakstan-prezidenti-akparat-zhane-kommunikaciyalar-ministri-dauren-abaevty-kabyldady","target":"_blank","url":"http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/meetings_and_receptions/kazakstan-prezidenti-akparat-zhane-kommunikaciyalar-ministri-dauren-abaevty-kabyldady"}}}}

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/parlament-pen-kimet-yzmeti-tek-memlekettik-tilde-zh-rgiziluge-tiis-nazarbaev-797966](https://yvision.kz/kk/post/parlament-pen-kimet-yzmeti-tek-memlekettik-tilde-zh-rgiziluge-tiis-nazarbaev-797966)