---
title: "Парижде 196 ел климат жөніндегі жаңа келісімді қабылдады"
description: "АСТАНА. ҚазАқпарат – Парижде 196 елдің өкілдері БҰҰ- ның климат жөніндегі жаңа шекті келісімін қабы..."
author: "Green-bridge1"
published: "2015-12-18T00:53:00+00:00"
modified: "2015-12-18T00:53:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/parizhde-196-el-klimat-zh-nindegi-zha-a-kelisimdi-abyldady-668675"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/parizhde-196-el-klimat-zh-nindegi-zha-a-kelisimdi-abyldady-668675/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Парижде 196 ел климат жөніндегі жаңа келісімді қабылдады

> АСТАНА. ҚазАқпарат – Парижде 196 елдің өкілдері БҰҰ- ның климат жөніндегі жаңа шекті келісімін қабы...

АСТАНА. ҚазАқпарат – Парижде 196 елдің өкілдері БҰҰ- ның климат жөніндегі жаңа шекті келісімін қабылдады. Құжатқа сәйкес мемлекеттер 2022 жылға дейін жаһандық жылумен күрестегі ұлттық мақсаттарын айқындауы тиіс. Ал 2023 жылы алғашқы жалпы қорытынды сараланады.

Ұлттық іс-шаралардың басты мақсаты – Жер бетіндегі ауа температурасының көтерілуін индустрияландыруға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 2 градустан аспайтын деңгейде ұстап тұру.

Айта кетер жайт, елдер температураның өсуін 1,5 градусқа дейін тежеуге тырысатындықтарын мәлімдеді.

http://gbpp.org/kz/2015/12/12952

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/parizhde-196-el-klimat-zh-nindegi-zha-a-kelisimdi-abyldady-668675](https://yvision.kz/kk/post/parizhde-196-el-klimat-zh-nindegi-zha-a-kelisimdi-abyldady-668675)