---
title: "«Парасыз болашаққа. Бірге» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобының облыс жастарымен кездесуі"
description: "2017 жылдың 15 қыркүйекте Орал қалалық әкімдігінің үлкен залында «Парасыз болашаққа. Бірге» ұранымен..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-09-18T03:37:58+00:00"
modified: "2017-09-18T03:38:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-ranymen-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-mobildi-tobyny-oblys-zhastarymen-kezdesui-779094"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-ranymen-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-mobildi-tobyny-oblys-zhastarymen-kezdesui-779094/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Парасыз болашаққа. Бірге» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобының облыс жастарымен кездесуі

> 2017 жылдың 15 қыркүйекте Орал қалалық әкімдігінің үлкен залында «Парасыз болашаққа. Бірге» ұранымен...

2017 жылдың 15 қыркүйекте Орал қалалық әкімдігінің үлкен залында «Парасыз болашаққа. Бірге» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобының облыс жастарымен кездесуі өтті.

Кездесуге «Парасыз болашаққа. Бірге» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобының мүшелері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты департаментінің директоры С.Мүксімов, үкіметтік емес ұйым, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, жастар көшбасшылары, жоғары және орта арнаулы оқу орындары студенттері, мемлекеттік мекеме және квазимемлекеттік сектор қызметкерлері қатысты.

Шара барысында 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарының жобасы талқыланып, ұсыныс пікірлер айтылды.

«Парасыз болашаққа. Бірге» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобының мүшелері, облыстық жастар көшбасшылары өз замандастарын қоғам үшін «үлкен кесел» болып табылатын, жемқорлыққа қарсы тұруға шақырды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-ranymen-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-mobildi-tobyny-oblys-zhastarymen-kezdesui-779094](https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-ranymen-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-mobildi-tobyny-oblys-zhastarymen-kezdesui-779094)