---
title: "«Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының Казталов ауданына көшпелі кездесуі"
description: "2017 жылдың 11 тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-08-13T23:00:40+00:00"
modified: "2017-08-13T23:00:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-mobildik-tobyny-kaztalov-audanyna-k-shpeli-kezdesui-775515"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-mobildik-tobyny-kaztalov-audanyna-k-shpeli-kezdesui-775515/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының Казталов ауданына көшпелі кездесуі

> 2017 жылдың 11 тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа...

2017 жылдың 11 тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелерімен Казталов ауданына көшпелі кездесу өткізілді.

Аудан орталығында «Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, оның ішінде жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының құрылысы кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел жұмысына аудан басшылары мен мемлекеттік қызметшілер, Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық «ЖАҢАРУ» қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі БҚО филиалының өкілі Ә.Баяхов, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы іске асыруды сыртқы талдау және бағалау жөніндегі облыстық арнайы мониторингтік тобының мүшесі Р.Рахметов қатысты.

Сонымен қатар, «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелерімен Әжібай, Жаңажол, Қараөзен және Жалпақтал ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізілді. Мобильдік топ мүшелері шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығын түсіндірді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-mobildik-tobyny-kaztalov-audanyna-k-shpeli-kezdesui-775515](https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-mobildik-tobyny-kaztalov-audanyna-k-shpeli-kezdesui-775515)