---
title: "«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде"
description: "А.ж. 16 мамыр күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжымалы..."
author: "finpolsko"
published: "2017-05-16T23:52:54+00:00"
modified: "2017-05-16T23:52:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-akciyasy-petropavl-rylys-ekonomikaly-kolledzhinde-766972"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-akciyasy-petropavl-rylys-ekonomikaly-kolledzhinde-766972/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде

> А.ж. 16 мамыр күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжымалы...

![«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/7ph86PnO3Z2X7gy8Fj08Q60OJeOOMm.jpg)

А.ж. 16 мамыр күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжымалы мобильді тобы Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің ұжымы және студенттерімен кездесті.

![«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/MRtmJ9F93eH5DozV9Lvg283YJtB4Og.jpg)

Шара барысында топ мүшелері сыбайлас жемқорлықты қоғам өмірінен барынша жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, мекеме ұжымын да аталмыш мәселеде қарап қалмауларын өтінді.

![«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/LNpYGQ0H897KdPJ7P0z6We1mj3wB2P.jpg)

Студенттер болса, жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, олардың әрқайсысына тиісті түсіндірмелер алды.

![«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/Z52Cx7AG3egsMmtz8gCnR1RCG3KnbY.jpg)

Кездесу соңында ақшаға құныққан шенділер мен мемлекеттік компаниялар топ-менеджерлерінің әшкереленуі және білім беру мекемелеріндегі жемқорлық туралы тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-akciyasy-petropavl-rylys-ekonomikaly-kolledzhinde-766972](https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-akciyasy-petropavl-rylys-ekonomikaly-kolledzhinde-766972)