---
title: "«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы Петропавл қаласы әкімдігінде"
description: "А.ж. 17 қазан күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжымалы..."
author: "finpolsko"
published: "2017-10-18T06:54:50+00:00"
modified: "2017-10-18T06:54:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-akciyasy-petropavl-alasy-kimdiginde-782136"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-akciyasy-petropavl-alasy-kimdiginde-782136/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы Петропавл қаласы әкімдігінде

> А.ж. 17 қазан күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжымалы...

![«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы Петропавл қаласы әкімдігінде](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/LgFV0xA7OIgH768hVj6RUrpjPv775D.jpg)

А.ж. 17 қазан күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжымалы мобильді топ Петропавл қаласы әкімдігі бөлімдерінің басшылары және мамандарымен кездесті.

Топ мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша ойларын айтып, аталмыш мәселеде ұжымды белсенді атсалысуға шақырды.

Әкімдік қызметкерлері жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты көкейлеріндегі сұрақтарын белсенді қойып, барлығына тиісті жауаптарын алды.

Кездесу соңында ақшаға құныққан шенділер мен мемлекеттік компаниялардың топ-менеджерлері туралы тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-akciyasy-petropavl-alasy-kimdiginde-782136](https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-akciyasy-petropavl-alasy-kimdiginde-782136)