---
title: "«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы Облыстық наркологиялық орталығында."
description: "А.ж. 18 мамыр күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжымалы..."
author: "finpolsko"
published: "2017-05-19T07:55:53+00:00"
modified: "2017-05-19T07:55:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-akciyasy-oblysty-narkologiyaly-ortaly-ynda-767259"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-akciyasy-oblysty-narkologiyaly-ortaly-ynda-767259/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы Облыстық наркологиялық орталығында.

> А.ж. 18 мамыр күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжымалы...

![«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы Облыстық наркологиялық орталығында.](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/kAI52tVEj8fGcC9fEzYso1mB79f0aq.jpg)

А.ж. 18 мамыр күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжымалы мобильді тобы облыстық наркологиялық орталығының ұжымымен кездесті.

Топ мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша ойларын айтып, аталмыш мәселеде ұжымды белсенді атсалысуға шақырды.

![«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы Облыстық наркологиялық орталығында.](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/smP6zvFShRVj58y94Pg94l0UeZug04.jpg)

Департамент басшысының орынбасары Е.Ф. Степаненко өз сөзінде барлығын жемқорлықтың кез-келген көріністеріне «нөлдік төзімділікті» таныту маңыздылығын ерекшеледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының СҚО бойынша Департаментінің инспекторы С.Н. Зайцева еліміздің болашағы әрқайсысымызға байланысты және де барлығымыз «жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - барлық қоғам, әр азаматтың ісі» екенін түсіну қажеттілігіне баса назар аударды.

![«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы Облыстық наркологиялық орталығында.](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/2cW0aomMMc0IYEdmZQO77yQaFnV144.jpg)

Мекеме ұжымы жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты көкейлеріндегі сұрақтарын белсенді қойып, барлығына тиісті жауаптарын алды.

Кездесу соңында ақшаға құныққан шенділер мен мемлекеттік компаниялардың топ-менеджерлері туралы тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-akciyasy-oblysty-narkologiyaly-ortaly-ynda-767259](https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-akciyasy-oblysty-narkologiyaly-ortaly-ynda-767259)