---
title: "«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы Ғ.Мұсрепов атындағы балалар-жасөспірімдер кітапханасында"
description: "А.ж. 25 шілде күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжымалы..."
author: "finpolsko"
published: "2017-07-25T06:47:48+00:00"
modified: "2017-07-25T06:47:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-akciyasy-m-srepov-atynda-y-balalar-zhas-spirimder-kitaphanasynda-773911"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-akciyasy-m-srepov-atynda-y-balalar-zhas-spirimder-kitaphanasynda-773911/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы Ғ.Мұсрепов атындағы балалар-жасөспірімдер кітапханасында

> А.ж. 25 шілде күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжымалы...

![«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы Ғ.Мұсрепов атындағы балалар-жасөспірімдер кітапханасында](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/f5Yh6lwLuACa077vE9al80f4oXEFv9.jpg)

А.ж. 25 шілде күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжымалы мобильді тобы Ғ.Мұсрепов атындағы балалар-жасөспірімдер кітапханасының ұжымымен кездесті.

Шара барысында топ мүшелері сыбайлас жемқорлықты қоғам өмірінен барынша жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ұжымдар мүшелерін аталмыш мәселеде белсенді азаматтық көзқарас танытуларына шақырды.

![«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы Ғ.Мұсрепов атындағы балалар-жасөспірімдер кітапханасында](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/7eNdfZM3A7Bi0jwZLej9H144XZi1Fg.jpg)

Қызметкерлер болса, жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, олардың әрқайсысына тиісті түсіндірмелер алды.

Кездесулер соңында ақшаға құныққан шенділер мен мемлекеттік компаниялар топ-менеджерлерінің әшкереленуі туралы тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-akciyasy-m-srepov-atynda-y-balalar-zhas-spirimder-kitaphanasynda-773911](https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-akciyasy-m-srepov-atynda-y-balalar-zhas-spirimder-kitaphanasynda-773911)