---
title: "«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында семинар өткізілді"
description: "А.ж. 25 шілде күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО..."
author: "finpolsko"
published: "2017-07-25T22:18:17+00:00"
modified: "2017-07-25T22:18:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-akciyasy-ayasynda-seminar-tkizildi-773944"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-akciyasy-ayasynda-seminar-tkizildi-773944/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында семинар өткізілді

> А.ж. 25 шілде күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО...

![«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында семинар өткізілді](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/ZdeGVSHo5SwCmtL0Y8wa43quhiPPkE.jpg)

А.ж. 25 шілде күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің бас маманы Д.С. Әлдименовамен «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Солтүстік-Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы қызметкерлері үшін семинар өткізілді.

Семинар барасында Д.С. Әлдименова жемқорлықтың өмірдің барлық саласына зиянды ықпалы, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан шаралары туралы айтты.

Өз сөзінде Депаратамент қызметкері қатысушылардың барлығын сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне қарсы іс-әрекетте белсенділік танытуға шақырды.

Сонымен қатар, кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша парақшалар таратылып, қатысушылар арасында блиц-сауалнамасы өткізілді.

![«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында семинар өткізілді](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/WQeB4V5q8e2HWCEF7xVRJP9CxgB7Wd.jpg)

Кездесу барысында қатысушылардың барлық қызықтырған сұрақтарына толық жауап қайтарылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-akciyasy-ayasynda-seminar-tkizildi-773944](https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-akciyasy-ayasynda-seminar-tkizildi-773944)