---
title: "«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы № 8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінде"
description: "А.ж. 26 қыркүйек күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжы..."
author: "finpolsko"
published: "2017-09-27T21:32:25+00:00"
modified: "2017-09-27T21:32:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-akciyasy-8-zhalpy-bilim-beretin-estetikaly-t-rbie-orta-mektep-kesheninde-780024"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-akciyasy-8-zhalpy-bilim-beretin-estetikaly-t-rbie-orta-mektep-kesheninde-780024/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы № 8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінде

> А.ж. 26 қыркүйек күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжы...

![«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы № 8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінде](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/0JkHonNc2Gyxm4QhKzD4eDHvI36aXp.jpg)

А.ж. 26 қыркүйек күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжымалы мобильді тобы Петропавл қаласының № 8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінің ұжымымен кездесті.

Топ мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша ойларын айтып, аталмыш мәселеде ұжымды белсенді атсалысуға шақырды.

Мекеме ұжымы жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты көкейлеріндегі сұрақтарын белсенді қойып, барлығына тиісті жауаптарын алды.

Кездесу соңында ақшаға құныққан шенділер мен мемлекеттік компаниялардың топ-менеджерлері туралы тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-akciyasy-8-zhalpy-bilim-beretin-estetikaly-t-rbie-orta-mektep-kesheninde-780024](https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-akciyasy-8-zhalpy-bilim-beretin-estetikaly-t-rbie-orta-mektep-kesheninde-780024)