---
title: "«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы №1 қалалық емханасында"
description: "А.ж. 6 маусым күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжымалы..."
author: "finpolsko"
published: "2017-06-06T22:11:17+00:00"
modified: "2017-06-06T22:11:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-akciyasy-1-alaly-emhanasynda-769224"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-akciyasy-1-alaly-emhanasynda-769224/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы №1 қалалық емханасында

> А.ж. 6 маусым күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжымалы...

![«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы №1 қалалық емханасында](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/87XD63VK4SjJPPB1VHQ9SOY2uF211w.jpg)

А.ж. 6 маусым күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжымалы мобильді топ Петропавл қаласы №1 емханасының ұжымымен кездесті.

Топ мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша ойларын айтты.

![«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы №1 қалалық емханасында](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/2wWi8M1pJmm7g5t9XItyThiKslOSjD.jpg)

Департамент бас маманы Сатанов А.Е. өз сөзінде қатысушыларды жемқорлықтың кез-келген көріністеріне «нөлдік төзімділікті» танытуға шақырды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының СҚО бойынша Департаментінің инспекторы С.Н. Зайцева еліміздің болашағы әрқайсысымызға байланысты және де барлығымыз «жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - барлық қоғам, әр азаматтың ісі» екенін түсіну қажеттілігіне баса назар аударды.

![«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы №1 қалалық емханасында](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/5OpA6xlpJIwsylhQXaPkzMT79UEHj3.jpg)

«Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңесінің мүшесі Ф.Х. Литфуллин және «Жемқорлық әрекеттеріне жол бермеу жөнінде Солтүстік Қазақстан комитеті» ҚБ төрағасы А.А. Тыртышный өз кезектерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қөзқарасты қалыптастыру жұмысында барлық қоғам мүшелерінің және жас ұрпақтың алатын рөлдері туралы айтты.

![«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы №1 қалалық емханасында](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/80i6DHt6Fn67rxqLccuQms73ZI4292.jpg)

Мекеме ұжымы жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты көкейлеріндегі сұрақтарын белсенді қойып, барлығына тиісті жауаптарын алды.

Кездесу соңында ақшаға құныққан шенділер мен мемлекеттік компаниялардың топ-менеджерлері туралы тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-akciyasy-1-alaly-emhanasynda-769224](https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-akciyasy-1-alaly-emhanasynda-769224)