---
title: "«Парасыз болашаққа. Бірге.»"
description: "А.ж. 7 сәуірде Департамент қызметкерлерінен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның (Сыбайлас ..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-04-10T00:49:47+00:00"
modified: "2017-04-10T00:49:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-763041"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-763041/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Парасыз болашаққа. Бірге.»

> А.ж. 7 сәуірде Департамент қызметкерлерінен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның (Сыбайлас ...

А.ж. 7 сәуірде Департамент қызметкерлерінен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасының, жұртшылық және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге.» - «В будущее без взяток. Вместе.» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы Көкшетау қ. Застанционный ауылына және Зеренді ауданының Садовое ауылына сапарға шықты. Көкшетау қ. Застанционный ауылында «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК еңбек ұжымымен кездесті, кездесу барысында жемқорлықтың мемлекет пен қоғамға келтіретін залалдары айтылып, түсіндірілді. Мобильді топтың Садовое ауылына сапары барысында қоғамдық қабылдауға осы ауылдың үш тұрғыны жүгінді, олар: Құлмұратов Құдайберген Тасбаевич, Алданыш Елімхан, Сайлаухан Болатбек. Ауыл тұрғындары аталмыш елді мекенде 15 жылдан астам уақыт бойы ауыз суымен қамтамасыз ету жүйесі орталықтандырылмағаны туралы шағымдарын жеткізді. Мобильді сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонның міндеті – Ақмола облысының тұрғындары үшін көшпелі кездесулер мен қабылдауларды ұйымдастырку арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/sayt_75.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-763041](https://yvision.kz/kk/post/parasyz-bolasha-a-birge-763041)